Д.Драпер атындағы коммуникативтік дағдылар орталығында визитинг – профессоры Д.Драпердің өткізген мастер-классы




20.12.2012

4.12.12 – 8.12.12 Д.Драпер атындағы коммуникативтік дағдылар орталығында – визитинг – профессоры Д.Драпер «Медицина сферасындағы коммуникативтік дағдылар бойынша мамандар дайындау» атты мастер-класс өткізді.Джулиет Драпер – медицина ғылымдарының докторы медицинадағы коммуникативтік дағдылар жөніндегі маман және сарапшы ( Ұлыбритания, Кембридж университеті). Д.Драпер – жиі-жиі басылымнан шығатын және әлемнің көптеген жоғары оқу орындарының оқулығы болып табылатын, коммуникативтік дағдылар туралы алғашқы кітаптардың авторы: «Медицинадағы коммуникативтік дағдыларды зерттеу және оқыту», « Науқастармен қарым-қатынас жасау дағдылары».

Мастер-классты өткізуге Беверли Дин  көмектесті – кәсіби актриса, науқас рөлін ойнаушы және коммуникативтік дағдылар саласында науқас рөлін ойнаушылардың тренеры ( Ұлыбритания, Кембридж университеті).

Мастер-классқа 100 адамдай қатысты: коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасының оқытушылары; психиатрия, психотерапия және наркология  кафедрасы;  стажер – оқытушылар; дәрігер-резиденттер; С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ әкімшілігінің өкілдері, педагог – психологтар (ҚазМемҚызПУ) және т.б.

Денсаулық сақтау және білім бері сферасындағы  коммуникациялық мәселелер; коммуникативтік дағдыларды оқыту ерекшеліктері, оқытудың интерактивті формасын (видео-кері байланысты қолдана отырып симулятивті науқастардың қатысуымен рөлдік ойындар және т.б.) қолдана отырып коммуникативтік дағдыларды оқытатын мамандарды даярлау сияқты сұрақтар қарастырылды.

Беверли Динға С.Д. Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ коммуникативтік дағдылар орталығының  бір топ симулятивті науқастарына тренинг жүргізуге мүмкіндік туды.

Мастер класстың аяқталуына орай С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры А.А.Ақанов және Д.Драпер атындағы коммуникативтік дағдылар орталығының жетекшісі проф. М.А. Асимов  Джулиет Драперге салтанатты  түрде сыйлықтар мен сертификат ұсынды.

Коммуникативтік дағдылар орталығының қызметкерлері мен Кембридж университетінен келген қонақтар алдағы даму, коммуникативтік дағдылар саласындағы мамандарды дайындау, әдістемелік материалдарды дайындаудағы серіктестік туралы және т.б  жоспарларды талқылады