Д.Драпер атындағы коммуникативтік дағдылар орталығы және жалпы білім беретін № 66 мектепте өткен «жыныстық жолдар арқылы берілетін инфекциялар»атты тренинг




29.12.2012

 

Коммуникативтік дағдылар орталығының негізгі маманы, коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және клиникалық психолгия кафедрасының ассистенты А.О. Курбанова  және ЖМ  факультетінің 3-4 курс студенттері:

  1. Галимова Сарра 3 курс ЖМ факультеті
  2. Рахимбердина Альфия 4 курсҚД факультеті
  3. Арстанбеков Дияс  стоматология факультеті 3- курсы

жалпы білім беретін № 66 мектептің 9-11 класс оқушыларына   «жыныстық жолдар арқылы берілетін инфекциялар»атты тренинг өткізді.

Тренингтің жалғасу уақыты: 1 сағат 30 минут.

Тренингтің өткізілу уақыты: 19.11.12, 21.11.12, 23.11.12

Тренингтің мақсаты:жоғарғы сынып оқушыларының  жыныстық жолдар арқылы берілетін инфекциялар және контрацепция әдістері туралы білімдерін қалыптастыру.

Тренинг міндеттері: жыныстық жолдар арқылы берілетін  инфекциялар,контрацепция әдістеріне түсінік беру.

Категория: жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сынып оқушылары. 15-20 адамнан тұратын топ. Жүргізілу уақыты  1 сағат 30 минут.