Д.Драпер атындағы коммуникативтік дағдылар орталығы 2012 – қысқы мектеп бағдарламасын өткізді (05.12.2012 -15.12.2012ж).




29.12.2012

Д.Драпер атындағы коммуникативтік дағдылар орталығындағы қысқы мектеп – үйретуші семинарлар (108 сағат):

1. «Психосоматика және псхотерапия  негіздері» (жалпы практикадағы дәрігерлерге және психологтарға) – КДО жетекшісі, проф. М.А. Асимов.

2. «Кәсіби өзара әрекеттестіктің психологиясы, конфликтология курсымен бірге»  ( денсаулық сақтау бөлімінің ұйымдастырушыларына және психологтарға) – Ш.С. Марданова, коммуникативтік дағдылар, жалпы және медициналық психология кафедрасының аға оқытушысы.

Қысқы мектептің курсанттарына Джулиет Драпердің: « Медицина сферасындағы коммуникативтік дағдылар бойынша мамандарды дайындау» атты мастер-классына, проф. Нида Жемайтененың (Литвиялық Денсаулық Ғылымдары Университеті, Каунас қ.) семинарына қатысуға мүмкіндік туды. Семинар мен тренингтарға университеттің оқытушылары, оқытушы-стажерлар, дәрігер-резиденттер, поликлиника және мектеп психологтары қатысты.

Семинарларға қатысқандардың пікірлері:

  • «Психосоматика және псхотерапия  негіздері» курсын мен өзім үшін өте сәтті аяқтадым, қажетті теориялар жан-жақты талқыланды, ең бастысы практика алдым. Ақпаратты тиімді жеткізгені үшін көп рахмет. Бірнеше циклға қатысуға мүмкіндік бергені үшін көп рахмет (коммуникативтік дағдылар және суицидология) – бұл кафедраның қалай жұмыс істеу керектігінің үлгісі. Кафедра жұмысына қатысқым келеді – студенттерді оқытудағы маңызды бағыттарды дамытуға көмектескім келеді. Ягдар yagdar.com
  • «Коммуникативтік дағдылар» орталығына және осы орталықтың жетекшісі М.А.Асимовқа , орталықтың басқа да мүшелеріне көп-көп рахмет! Бәрі өте қызықты және пайдалы болды! Осы уақытта көптеген маңызды мәселелерді талқыладық. Курстың бағдарламасы өте қызықты! Көп рахмет!

Қазмемқызпу теориялық және практикалық психология кафедрасының доценті, пс.ғ.к., Ауталипова Улдар Ибрашевна.

  • Маған бәрі ұнады. Алған ақпаратым практикалық психология саласындағы білімімді кеңейтті. Рөлдік ойындар «сезім», «түйсіктер», «бейне» сияқты түсініктерді терең ұғынуға көмектесті. М.А.Асимовтың  тренинг жүргізу әдісі кез келген оқытушыға үлгі бола алады.
  • Тренинг СУПЕР!!! Марат Абубакріұлы әрқашан ерекшелігімен ерекшеленеді! Өте экспрессивті, танымдық, қызықты. Өткізілу уақыты және түрі белгіленген жоба бойынша жүрді. Бәріне ұнады! Бәріне рахмет!
  • Сезім, түйсік, бейне жәйлі өзіме кішкене жаңалықтар аштым, ал қалғандарын білгем. Талқылау және психодрама әдістемесі ұнады. Үлкен рахмет.
  • Маған тұлғалық өсу тренингі ұнады. Өзім көп зат түсіндім. Коптеген әдістемелермен танысып, тәжірибелі психологтардан үйрендім. Любовь.
  • Барлық сұраныстарымызды қанағаттандырды. РАХМЕТ!!! Зоя.
  • Коммуникативтік дағдылар орталығына және М.А.Асимовқа керемет жұмысы ұшін улкен алғысымды білдіргім келеді. Черченко Н., резидент психиатр.
  • Қысқы мектептің  осындай жақсы ұйымдасқан, өте қарқынды тренинг және семинарлар бағдарламасына коп рахмет. Өте қызықты болды. Үкен практикалық білімі бар қажетті ақпараттар. Маған өте ұнады. Визитинг-профессорлармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік бергені үшін біздің ректорға көп рахмет. Психотерапия және психосоматика әдістемелерін оқытып үйреткен М.А.Асимовқа ерекше алғысымды білдірем.

Стажер-оқытушы, дәрігер психиатр, нарколог Кузьмина З.В.