Джулиет Драпер атындағы КДО С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ барлық факультеттерінің декан орынбасарларына «ҚазҰМУ әкімшілік басқарма мамандарының коммуникативтік құзырлығын жоғарлату» атты тақырыптағы оқыту аяқталғанын жариялайды (08.01.2013 ж. – 19.01.2013ж.)




07.02.2013

Джулиет Драпер атындағы КДО С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ барлық факультеттерінің  декан орынбасарларына «ҚазҰМУ әкімшілік басқарма мамандарының коммуникативтік құзырлығын жоғарлату» атты тақырыптағы оқыту аяқталғанын жариялайды (08.01.2013 ж. – 19.01.2013ж.) .

Осы аралықта келесі тренингтер өткізілді:

  1. «Вербалды, вербалды емес коммуникацияны дамыту. Эмпатияны дамыту».
  2. «Белсенді тыңдау, кері байланыс техникаларын дамыту».
  3. «Конструктивті сын техникасын дамыту. Менеджмент және коммуникация (қызметкерлерді басқару)».
  4. «Конфликтология».
  5. «Конфликтілер және оларды шешу жолдары».
  6. «Эмоционалдық күйреу, кәсіби деформация».
  7. «Эмоционалды ұстамдылық».
  8. Арт-терапия әдісі бойынша тренинг «Агрессияны төмендету».
  9. «Ораторлық өнер».
  10. 10.  «Жұрт алдында сөйлеу».

Тренинг өткізгендер:

  1. А.О.Курбанова  – КДО бас маманы; және коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасының ассистенті;
  2. П.В.Шеин – КДО бас маманы; және коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасының ассистенті;

 

 

Семинар бойынша кері байланыс анкеталарының нәтижелері.

Топ мүшелерінің саны – 21 адам.

ҚазҰМУ факультеттерінің декан орынбасарларының 10 анкетасы анализден өтті.

Респонденттер өздерінің жауаптарында келесіні маңызды деп есептеді:

1. Жалпы семинар «өте жақсы» деп бағаланды 10 адам.(100 %)
2. Тренингке қатысу қызықты болды

 

«ия» 6  адам . (60%)
«өте қызықты» 4  адам . (40%)
3. Трнингте көрсетілген ақпарат

 

Р.S. Ең пайдалы деп: конфликтология аспектілері, коммуникативтік  құзырлық, өзің туралы қоршаған адамдардың ойын білу мүмкүндігі

Түсінікті және қол жетімді 10  адам. (100 %)
пайдалы «100%» 4  адам . (40 %)
«өте» 5  адам . (30 %)
бағасыз 1  адам . (10 %)
4. Тренингті өткізу жиілігі және атмосферасы жәйлі болды: «100 %» 6  адам . (60 %)
«80 %» 1 адам . (10 %)
«өте жәйлі» 3  адам . (30 %)
5. Тренерлардың жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар: Ұсыныс жоқ 7 адам . (70 %)
«жоғары дәреже» 1  адам . (10 %)
«өте жақсы тренерлар» 1  адам . (10 %)
Тренингті жиілету 1  адам . (10 %)
6. Қатысушылардың тереңірек зерттегісі келетін тақырыптары: «бәрін» 1  адам . (10 %)
«ұсынғанның барлығын» 1  адам . (10 %)
конфликтология 4  адам . (40 %)
эмоционалды күйреу 1  адам . (10 %)
ораторлық өнер 3  адам . (30 %)
7. Тренингке қатысушылар тренингті өз ұжымына ұсынар ма еді?  «ия» – 10  адам .(100 %)
7.1 Егер «ия» болса не үшін? Әр адамға қажетті, жақсы психологиялық серпіліс 3  адам . (30 %)
Жұмыс іс – әрекетінде өте пайдалы (білім және тәжірибе алмасу, коммуникативтік дағдыларды жетілдіру) 7  адам . (70 %)

 

 

Тренерлардың түсініктемелері

КДО тренеры А.О.Курбанованың кері байланысы

Екінші тренингімізде декан орынбасарларының эмпатисы жоғары көрсеткіш көрсеткенде мен таң қалдым. Сонда менде мынадай сұрақ туды: «Олардың эматисы жақсы дамыған, сонда  біздің студенттерге  декан орынбасарларының коммуникациясында не ұнамайды?».

Ал келесі тренингте мен бұның себебін түсіндім!!!

Біздің зам декан  орынбасарлары студенттер үшін қатты уайымдайды, олар студенттер үшін анасы да әкесі де болғылары келеді. Осыдан түсініспеушілік туады: студенттерге университет қабырғасында ата – ана  емес, оларға ересек адамның яғни достың көмегі керек. Тренинг барысында декан орынбасарларының ойы бірте бірте өзгеріп, «студент –декан орынбасары» қарым-қатынасында «ересек» позициясына көше бастағаны байқалды. Бұл мақсатқа жетудің бірінші баспалдағы.

Сонымен қатар «Арт терапия:агрессияны суретке саламыз» атты тренингте декан орынбасарлары шынайы, белсенді жұмыс істегендеріне қатты қуандым. Бала рөліне оңай ене алатын шынайы, ашық адамдарға қараған өте жағымды көрініс.Жағымсыз эмоцияларынан құтылып өртеуге асыққан декан орынбасарлары нағыз белсенділіктерін көрсетті!!! Бұл мен үшн ұмытылмас сәт!!!

Сіздерге сәттілік!!!

П.В.Шеин

Мен үшін «коммуникативті құзырлық»,  «кәсіби деформация», «эмоционалдық күйреу» сияқты тақырыптарда декан орынбасарлары үшін тренинг жүргізу мүмкіндігі туды. Тренинг барысында әр қатысушы өз жұмысында қажетті көлемде  коммуникативті құзырлық пен эмпатия білдіретіні анықталды. Топ жоғары мазасыздық, субдепрессивтік және психосоматикалық күйде болғандықтан оларға психотерапиялық жұмыс қажет болды.

Сондықтан тренинг көптеген мәселелерді, көптеген күйлерді анықтап шешуге бағытталған психотерапиялық жұмыс циклы ретінде өтті.