Елбасымыздың 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын қолдау




07.03.2012

«Қазақстан тарихы, философия, саясаттану, әлеуметтану кафедрасының» ұжымы және студенттер қауымы  ҚР Президентінің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына 2012 жылғы Жолдауын қызу қолдады.

Қазақстан тарихы, философия, саясаттану, әлеуметтану кафедрасының ұжымы кафедра меңгерушісі Бисенбаева Зинакуль Убайдаевна, аға оқытушы Рысалдина Ғанижамал Төлеуқызы, оқытушы Исаева Мейрамгүл Ибадуллақызы және Муқанова Балауса оқытушыларының жетекшілігімен өткен  «Мейірбикелік іс» факультетінің 1- курс 2 тобы (1/2) және «Жалпы медицина» 2-курс 017 (1/2) студенттерінің ғылыми-теориялық факультетаралық конференциясы.

Конференцияның ашылу сөзін кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент З.У. Бисембаева бастады: «Оқытушылар мен студенттер үшін мұндай іс-шара 1997 жылы Президенттің алғашқы Жолдауынан бастап бүгінге дейін талқылау, жоспарлы түрде дәстүрге айналды. Біздің кафедра қоғамдық ғылымдар кафедрасы болғандықтан елдегі болып жатқан саяси маңызды мәселелерді қалт жібермейміз.

Елбасының биылғы жолдауы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталады.

  1. Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы.
  2. Қолжетімді баспана.
  3. Өңірлерді дамыту.
  4. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру.
  5. ХХ1 ғасыр барған сайын күрделеніп бара жатқан бүгінгі иманға мемлекетті басқаруға жоғары талаптар қояды.
  6. Сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту.
  7. Қазқстанда адами капиталдың сапалы өсуі.
  8. Зейнетақы жүйесін жетілдіру.
  9. Индустриялдық-инновациялық жобалар.
  10. Ауыл шаруашылығын дамыту.

Ал Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдауларын міндетті түрде кафедра оқытушылары студенттерге түсіндіріп, оның бағытын, мәнін, мазмұнын ашып беруде зор істер атқаруда. Жолдаудағы он бағытымыз халықтың дәйекті он мәселесін шешетін және сол арқылы үлкен нәтижелерге қол жетуге жеткізетін бастау.

Бұл жылғы Жолдауға байланысты конференцияны ашық деп жариялаймын.»

Сөз кафедраның аға оқытушысы Рысалдина Ғанижамал Төлееқызында: «Құрметті  студенттер, Елбасының Жолдауындағы ең негізгі өзекті мәселе үлкен қауым ол  болашақ ұрпақтарымыз бойында патриоттық сана сезім болса, халыққа, елімізге жаны ашыса, халықтың әрбір жетістігін жүрегімен сезінсе деп  жастар үшін маңызды отансүйгіштік қасиетті  қалыптастыру керек екендігін айтқан болатын.»

Сөз кафедраның оқытушысы Исаева Мейрамгул Ибадуллақызында: «.Бүгінгі біздің қарастыратын тақырыбымыз Елбасымыздың 2012 жылға арналған халыққа Жолдауы. Бұл Жолдауды былтырғы Жолдаумен салыстырғанда қарастырылатын салалардың көбеюі, яғни биылғы Жолдауда маңызды он бағыт негізге алынады. Демек біз қазақстан халқы, жастар, студенттер қоғамымыздың дамуы үшін осы он бағыттағы қарастырылатын жұмыстардың жүзеге асуына өз еліміздің белсенді азаматы ретінде өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Ол үшін әрине ең алдымен оны оқып, танысқан жөн.

Сөз кафедраның оқытушысы Мұқанова Балауса Алимжановна: Армысыздар құрметті қауым. Бұл конференциямыздың ең басты мақсаты Елбасымыздың халыққа, жастарға деген  үлкен сенімділігі.Осы Жолдаудың алдыңғы жолдауларға қарағандағы ерекшелігі бағыт-бағдары мейлінше кең салаларды қамтыған. Студенттер, жалпы жастар қауымы жолдауды міңдетті түрде оқып хабардар болуы тиіс.

Осыдан кейін студенттер назарына сөз берілді.

«Мейірбикелік іс факультеті»,   1 курс, 002  топ студенті  Нағашыбай Аяулым: Президенттің әрбір жыл сайынғы жолдауы заман талабына сай ерекшеленіп отырады. Бұл Жолдаудың ерекше бағыттарының  бірі бірінші және екінші бағыттары… Бірінші бағыты –  қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы.  Бұл жерде маңызды үш мәселе қойылған:

Біріншіден, оқыту мен жұ­мыс­қа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау.
Екіншіден, ауылдық жердегі кәсіп­керлікті дамытуға септесу.
Үшіншіден, еңбек ресурс­та­ры­­ның жинақылығы, Қазақ­стан­ның эко­но­ми­калық тұрғыдан белсенді орталық­та­рын­да жұ­мыс­қа орналастыруға ба­сым­дық беру.
Бағдарламаның со­ңына қа­рай, 2020 жылға қарасты біз осы­лайша 1,5 миллион адам­ды сапалы жұмыстарға еңбекке орналас­тыруы­мыз қажет деген нақты сандық көрсеткіштерді атап  көрсетілген. Жұмыссыздық азайса, демек қазақстан халқының жалақы алатын адамдар саны көбейеді деген сөз, ол дегеніміз халықтың әлеуметтік деңгейінің өсуіне септігін тигізетін факторлардың бірі болып табылады.

Жалпы медицина факультеті, 2 курс, 017 топ студенті  Баймұратова Махаббат: Салеметсіздер ме құрметті ұстаздар қауымы және студенттер! Менің қарастыратын тақырыбым екінші бағыт, яғни қолжетімді баспана. Елімізде жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пай­далануға берілуде.
Жолдауда жарты мил­ли­он­­нан ас­там жас отбасының жеке баспанамен қамтамасыз етілуі тиіс және бұл үшін жалға берілетін тұр­ғын үй алаңы 1 миллион шар­шы метрге жеткізу ілуі қажет деп көрсетілген.
Жолдауда баспанамен қамтамасыз етілу жұмысы ұзақ мерзімді жалға беруде са­тып алы­натын және сатуға жат­пайтын екі түрлі жолы қарас­тырылған. Бұл жағдайға байланысты шарттар жаңа «Қол­же­тім­ді баспана-2020» бағдар­лама­сында анық көрсетілуі керек деп атап көрсетті елбасымыз. Қорыта келгенде аталған бағыт еліміздің халқының мүддесі үшін, олардың жақсы өмір сүруі үшін, баспаналы болу үшін жасалып жатқан жағдайлар және мүмкіндіктер. Бұл жерде біз мемлеукеттің халықтың басты мәселелесінің бірін шешуге байланысты оң қадамдар жасалуда деп айта аламыз.

«Мейірбикелік іс факультеті»,   1 курс, 002  топ студенті  Садуақас Айгерім:  Армысыздар құрметті аудитория қауымы! Менің қарастыратын бағытым үшінші бағыт – өңірлерді дамыту. Өңірлерді дамыту бағытында елдің болашағы экономика­да­ғы ке­лешегі зор салалардың да­­муы­мен байланысты. Бұл үшін алдымен жаңа зауыт­тар көп салынып, жаңа жұ­мыс орын­дары ашылып, әлеумет­тік ин­фрақұрылым қарқынды дамуы қажет. Қазақстанда келешегі зор қа­лалар шоғырына Астана, Алма­ты, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент шаһар­лары жатады.  Үкімет елді мекендер шоғы­рын (агломерация) дамыту жө­нін­де бағдарлама қабылдауы тиіс. Жаңаөзендегі жағдай бір са­ла­лы шағын қалалардың әлеумет­тік қатерге жақын екенін көрсетті. Сол үшін шағын қалалардың экономикасын бір ғана саламен шектеп қана қоймай басқа да салалрды тарту керек деген жоспарлар қойылып отыр.

Жалпы медицина факультеті, 2 курс, 017 топ студенті  Розахова Данагнул:  Салеметсіздер ме құрметті ұстаздар! Менің қарастыратын бағытым төртінші бағыт – тұрғындарға мем­ле­кеттік қызмет көрсетудің сапа­сын арттыру. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қар­сы тұру мен азаматтардың мем­лекеттік органдардың қыз­меті­не се­німін арт­тырудың маңызды ққралы ретінде қарастыруға болады.
Біріншіден, Электронды үкі­метті дамыту керек екендігі қарастырылған. 2012 жылдың аяғына дейін әлеу­меттік маңызы бар мемлекеттік қызмет­тердің 60 пайызы, соның ішінде лицензиялардың барлық түрлері, тек қана элек­тронды түрде болуға тиіс.
2013 жылдан бастап мемлекеттен барлық рұқсат етушілік құжаттарды да қазақстандықтар электронды түрде немесе Халыққа қызмет көрсету орта­лық­тары арқылы алуға тиіс.
Халыққа қызмет көрсету орта­лық­тарының қарауына авто­көлікті тір­кеу және жүргізуші куәліктерін тапсыру мәселе­лерін де беру керек.
Екіншіден, жаңғыртудың ма­ңызды мәселесі – әкімшілік ресімдерін оңай­лату. Яғни,  рұқ­сат ету құжаттарының тізімі қа­зірдің өзінде 30 пайызға қыс­қартылды.
Үшіншіден, тұрғындардың ком­пью­терлік сауаттылығын  көтеру қажет. Сонымен қатар Елбасымыз қазақстандықтарды ақ­па­раттық технологияларды белсендірек игеруге шақырамын деп үндеу тастады.
 «Мейірбикелік іс факультеті»,   1 курс, 002  топ студенті  Қуанышбек Жібек:  Бесінші, алтыншы бағытты ескеріп өтті. Бесінші бағытта XXI ғасыр барған сайын күрделеніп бара жатқаның бүгінгі заманға мемлекеттік басқаруға жоғарғы талаптар қойылды.

Алтыншы бағыт бойынша сот және құқық қорғау жүйелерің жанарту. Еліміздегі құқық қорғау жүйесін бір жолға түсіру. Дәл осы жерде студенттер қауымынан өзекті сұрақ туындады.

Яғни елімізде құқық қорғау жүйесі заңды және толық қанды орындалып жатырма?… Бұл сұраққа Ғанижамал Төлеуқызының «Ана мен бала өліміне байланысты себептердің анығы айқындалмауы жайында мәселені қозғады. Ел басының жолдауындағы мәселе осы бағытқа оң нәтиже береді деп ойлайды.

«Мейірбикелік іс факультеті»,   1 курс, 002  топ студенті  Пазимбекова Гулжаһан:  Мен үшін осы жолдаудың ең ерекше бағыты жетінші бағыт деп ойлаймын. Бұл бағыт тікелей жастарға,бізге деген назарды айқын көрскетеді. Яғни бұл бағыт “Қазақстанда адами капиталдың өсуі” әрбір жас маман мен осы мамандықты ала отыра елім үшін, халқым үшін не істей аламын деген көкейінде негізгі сұрақ болуы керек.

Бұл дегеніміз өз мамандығын тәмамдаған азамат пен азаматша қолындағы дипломымен бір мезетте жұмысқа тұра алмайды. Әрбір азамат өз мамандығының оңы мен солын, мамандығының қыр-сырын нақты түрде сол мамандыққа лайық екендігін дәлелдеген жағдайда ғана біз оны “Маман”деп айта аламыз. Бұл жөнінде дипломнан кейінгі арнайы сынақтар қолға алынуда.

Сонымен қатар, жетінші бағытта денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінгендігін айта кеткім келеді. Ол үшін ең алдыменн медицина саласыны дамыту, медициналық қызмет кқрсетуді қолжетімді ету жіне осы жұмыстардың дұрыс атқарылуына байланысты қазаұстан азаматтарының өмір сүру қзақтығын ұзартуға мүмкіндік жасау жағдайлары қарастырылған.

«Мейірбикелік іс факультеті»,   1 курс, 002  топ студенті  Тілеу Клара: Сегізінші бағытта Ел басының жастармен қоса ата-әжелеріміздің де жайы басты назарда. Ол кісілердің еліміз үшін жасаған еңбектері ескерілуде. Осыған байланысты осы бағытты “Зейнетақы жүйесінің жетілуі. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп бірінші жартыжылдықтың со­ңы­на дейін зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар қалыптастыруы керек.
Тоғызыншы бағыт: елімізге үлкен жауап кершілікті, мамандарымыздың тәжірибелігін талап ететін еліміздің дамуындағы үлкен көпір екендігін анық көрсетті. Бұл бағыт “Индустриялды иновациялық жобалар” деп аталды. Аталған бағытта еліміздің өндіріс саласында экономиканың барлық саласын қамтитын  288  жоба қолғап алынғандығы және бқл жобалар іске қосылғаннан кейін елімізде экономикалық өрлеудің куәсі болатынымызға сенімдіміз.

Жалпы медицина факультеті, 2 курс, 017 топ студенті   Адаханова Ғазиза: Ел басының он бағыты еліміздін он түрлі нақты мәселесін шешуші. Қазақстанның аг­рар­лық сек­торы үл­кен экспорттық мүмкін­діктерге және инновациялар енгізу үшін жоғары әлеуетке ие. Бізге жеке инвестициялардың аграрлық өндіріске тәуекелін тө­мен­дету үшін заемдарды кепілдендіру мен сақтандырудың мемлекеттік жүйесін жасап енгізу керек деп нақтылап айтып өтті елбасымыз. Соңғы түйенің жүгі ауыр демекші қортынды сөзде айтарым әрбір азамат осы жолдаумен танысып өзіне дәйекті шешім шығаруы тиіс.- дей отыра құрметті достар Елбасының әрбір жолдауы сіз бен біз ушін маңызды.

Конференцияның қорытындылауда кафедраның аға оқытушысы Рсалдина Ғанижамал Тулейқызы: «Бұл Жолдаудың басты ерекшілігі басталып кеткен әлемдік қаржы дағдарысына төтеп бере алу мақсатында Үкңметке басты он бағыттан тұратын тапсырма беруінде және әрбір қазақстандықтың атсалысуы. Екіншіден студенттердің ойынан шығатын және болашақта жұмыла кірісетін жетінші бағытқа ерекше тоқталуы. Ол деген сөз Президент Жолодауын біздің университет құрамы мен студенттердің жүз пайыз қолдауы. Жүктелген тапсырманы студенттер зор жауапкершілікпен орындай білген ».

Ұйымдастырушылар:

  1. Бисембаева З.У.
  2. Рсалдина Ғ.Т.
  3. Исаева М.И.
  4. Мұқанова Б.А.