«Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы» тақырыбына өткізген мерекелік іс-шарасының Есебі




30.11.2015

Шет тілдер кафедрасының аға оқыт. А.А. Баянбаева,А.С. Ибраева және

оқыт.Т.А. Абдикаймованың «Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы» тақырыбына өткізген мерекелік іс-шарасының

 

Есебі

 

27.11.2015 ж. ҚазҰМУ №7 жатақханасында шет тілдер кафедрасының аға оқыт. А.А.Баянбаева, шетел студенттері деканатының 14-051ЖМ, 14-049ЖМ топтары тьюторлары, аға оқыт. А.С. Ибраева және оқыт. Т.А. Абдикаймованың ұйымдастыруымен,1 желтоқсан тұңғыш президент күніне орай,«Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы!» тақырыбына мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты:

  • а) Шетел студенттеріне Қазақстан Республикасының тұңғыш Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
  • ә) Елімізгееңсетіктетіп, мемілекетіміздімығымдапберген, халқымыздыәлемгетанытып, алашбаласыныңабыройынасақтатыпЕлбасыныңкісіліккелбетінмеңгеру.
  • б) Елінсүйген, елісүйгенЕлбасынанүлгіалуғатәрбиелеу.

Іс-шараға 15-017 (1,2)ЖМ, 15-018(1,2)ЖМ, 14-051(1,2)ЖМ, 14-049(1,2)ЖМ және шетел студенті деканатының 1курс студенттері қатысты.  Мерекелік іс-шара барысында студенттер елбасының өмірі мен қызметі туралы презентация дайындап, көрермендерге викториналық ойындар ойнатты. Сұрақтарға дұрыс жауап берген студенттер сыйлыққа ие болды. Соңында шетел студенттерімен бірге дайындалған көркемөнерпаздар шағын концерті қойылды.

Бір сағат көлемінде өткен сабақтан студенттер өздеріне Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанды, халқын сүю, ержүректілік, азаматтық, ұлттық патриоттық сезімдерін кеңейте түскендігі байқалды. Викториналық ойындар әсіресе шетелдік студенттердің қызығушылығын тудырды. Студенттер сабақта ашық-ойларын білдіріп, белсенді түрде араласып отырды. Іс-шара мәнді, мағыналы және әсерлі өтті.

Еліміздің болашағы біздің жастардың қолында. Сабақты қорытындылай келе, студенттердің Елбасына деген құрметінің зор екенін байқауға болады.