«ХХІ ғасырдағы зертханалық медицинаның өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық қатысумен өтетін ІІ Республикалық семинар-кеңес




22.05.2012

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институты

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Зертханалық  медицина: басымдығысапа

«ХХІ ғасырдағы зертханалық медицинаның өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық қатысумен өтетін ІІ Республикалық семинар-кеңес

 

2012 жылғы 22 мамырда сағат 9.00-де С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің Даңқ Залында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «ХХІ ғасырдағы зертханалық медицинаның өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық қатысумен ІІ Республикалық семинар-кеңес өтеді.

  

Семинар-кеңестің жұмысына зертханалық қызметтің республикалық, облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мамандары, әлемдік және еліміздің үздік ғалымдары (ҚР ҰҒА академигі Шарманов Т.Ш., Абильдинова  Г.Ж. – ҚР ДМ зертханалық қызмет бойынша бас маманы, Ахматуллина Н.Б. – ҚР ҰҒА академигі, ҚР ҒжБМ Жалпы генетика және цитология институтының мутагенез бөлімінің меңгерушісі, Рысұлы М.Р. – Қазақстан медициналық-зертханалық диагностика ассоциациясының президенті, Пономаренко В.И. – ҚР медициналық техника және зертханалық жабдықтама жеткізушілер ассоциациясының өкілі, Leon Raskin – Оңтүстік Калифорния университетінің Keck мектебінің профилактикалық медицина департаментінің профессоры, PhD (University of Southern California, USA), Albert Pinhasov – Ариель университетінің молекулалық биология департаментінің жетекшісі, PhD, профессор, MD (Ariel University Center of Samara. Israel және т.б.), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, ҚР және алыс және жақын шетелдердің ғылыми ұйымдары (ғылыми-зерттеу институттары және ғылыми орталықтар), сонымен қатар зертханалық жабдықтама мен шығын материалдарын жеткізуші қазақстандық ірі компаниялар қатысады. Республикалық семинардың бағдарламасында – ҚР зертханалық қызмет мамандарының дайындығын және қайта даярлығын жетілдіру мәселелері жөнінде «дөңгелек үстел», мамандардың қатысуымен мастер-кластар, конференция және пленарлық кеңес өткізу. Сондай-ақ, іс-шара аясында диагностикалау және бақылау құралдарының, тест-жүйелердің, медицина бұйымдарының, медициналық және зертханалық жабдықтаманың, медицина техникаларының, ілеспе өнімдердің тақырыптық көрмесі ұйымдастырылады.

 

Семинар барысында зертханалық медицинаның, онкологиядағы персоналданған геномдық медицинаның даму жағдайы, трансляциялық зертхананың ұйымдастырылу мәселелері, зертханалық технопарктің қалыптасу және даму мәселесі; Қазақстандағы клиникалық-зертханалық диагностиканың жағдайы мен келешегі, инновациялық технологиялар және зертханалық зерттеулердің жаңа құралмен жабдықталуы, медициналық білім, ғылым және тәжірибе т.б. саласында халықаралық ынтымақтастықтың даму мәселелері талқыланатын болады. Бүгінде әлемдік зертханалық диагностика даму шыңында тұр. Бүгінгі таңда медицина ғылымы, жаңа технологиялар, инновациялар кез келген елдің айнасы болып табылады. Заманауи зертханалық медицина – медицина ғылымы мен тәжірибесінің ауқымды саласын алып отыр. Оның негізі ғылыми медициналық-биологиялық тәртіптер (биохимия, физиология, молекулалық биология, микробиология, иммунология және т.б.) кешені болып табылады. Ғылым мен технологияның соңғы жетістіктерінің арқасында жалпы терапиялық, ревматизм, гинекология аурулары сынды кең ауқымды ауруларға ең ерте кезеңінде диагностика жасап әрі оны емдеу мүмкін болып отыр.

 

Қазіргі кезде зертханалық медицина іргелі зерттеулердің және ақпараттық технологиялардың жетістіктерін енгізу арқылы клиникалық медицинаның дамуын әлдеқайда жылдамдатты. Соңғы онжылдықтарда күнделікті клиникалық тәжірибеге жаңа жоғарыақпаратты медициналық талдамалы технологиялар енгізілді, олар дәрігерлердің көптеген ауруларды емдеудегі этиология, патогенез және принциптері туралы түсінігін өзгертті және емдеу-диагноз қою процесінің сипатының өзін қайта қарау қажеттігі туралы өткір мәселе көтерілді. Зертханалық медицинаның маңызды бөлімі дәрілік мониторинг болып табылады.

 

ҚазҰМУ Баспасөз қызметі