Эрзинджан университетімен ынтымақтастық аясындағы студенттердің Түркияға сапары




17.08.2011

2011 жылдың 2- інші мамырында біздің университетімізге Түркия мемлекетінен Эрзинджан университетінің ректоры Ильяс Чапоглу іс-сапармен келді. Екі университет арасында оқу саласында білім алмасу келісімшартына қол қойылды.Осы келісімшарт аясында Эрзинджан қаласына маусым айында университетіміздің 3 студенті: Абдыгалиев Алишер ( стом,5.курс),Дауытова Юлдузхан (ЖМ,4.курс) және Кулсинбаева Меруерт (ҚДС,4.курс) аттанды.

Студенттерге дайындалған 4 апталық бағдарламада түрік тілін жетілдірумен қатар түрік тарихы мен мәдениетіне шолу, қала іші және Эрзинджан   қаласына жақын жатқан демалыс орындары мен қалаларға қыдыру жоспарланған.

Біздің студенттерімізбен бірге тағы Қызылорда, Алматы мен Астана  қалаларынан 5 университеттен 15 студент Эрзинджан қаласына келді.

Бағдарламаның алғашқы күні Эрзинджан университетінің ректоры Ильяс Чапоглу  мен Эрзинджан қаласының әкімі Абдулкадир Демир мырзамен кездесуден басталды.

Күнделікті түрік әдебиеті мен тарихы сабактарымен қатар сейсенбі күндері түрік халық әндері кештері мен бейсенбі сайын халық билері сабақтары өткізілетін.

Қазақстаннан келген студенттерді қаланың көрнекті жерлері: Экщису демалыс орнына, Гирвенек су сарқырамасына, Түркияның Швейцариясы деп аталатын Трабзон қаласына, Эрзурум, Ризе  қалаларында қыдыртты.

Бағдарлама шілде айының 17-не аяқталды.Студенттер түрік тілін жетілдіру,түрік тарихы мәдениетін тану курсын сәтті аяқтағаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.

Студенттеріміздің Түркия мемлекетіне, Эрзинджан қаласына сапары бауырлас түрік халқының тарихы, мәдениеті мен әдебиетін танумен қатар келешекте университетімізге пайдалы болу мақсатында түрік тілін жетілдіріп қайтуына үлкен пайдасын тигізді. Эрзинджан университеті өте жас, құрылғанына шамамен алты-ақ жыл болғанына қарамастан жинаған үлкен абыройы мен жарқын келешегі бар университет. Келешекте бұл университетпен ара-қатынысымызды үзбей, оқу саласында басқа да бағдарламалар жасау бізге зор септігін тигізері анық. Мәселен, келесі болып осы университеттің шәкірттерін бізге қазақ тілін үйренуге, тарихымыз бен мәдениетімізбен таныстыруға арналған тіл курстарын дайындауға болады.

Студенттеріміздің Эрзинджан университетіне бұл сапары университеттер арасында достық көпірін жалғағандай болды.

4-курс студенттері Дауытова Юлдузхан (ЖМ,4.курс)

Кулсинбаева Меруерт (ҚДС,4.курс)