Құжаттар тізімі

Докторантураға түсетін тұлғалар, 3 шілде мен 3 тамыз аралығында (жазғы қабылдау) және 25 қазан мен 10 қараша аралығында (қысқы қабылдау) төмендегі құжаттарды келесі тәртіпте тапсырады:

  1. Басқарма төрағасы – Ректордың атына өтініш;
  2. жоғары білімі туралы құжат және оның қосымшасы (түпнұсқа және көшірмелері);
  3. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан (КАЗТЕСТ) тапсырғаны туралы ресми сертификат;
  5. шет тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (түпнұсқа):

ағылшын тілін меңгеру бойынша:

IELTS Academic – шекті балл кемінде 5.0 баллов;

TOEFL IBT – шекті балл кемінде 35 баллов;

TOEFL ITP* – шекті балл кемінде 417 баллов;

TOEIC  – шекті балл кемінде 550;

Duolingo English Test – шекті балл кемінде 80;

неміс тілін меңгеру бойынша:

DSH – B1 деңгейінен төмен емес;

TDF – B1 деңгейінен төмен емес;

француз тілін меңгеру бойынша:

TFI – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;

DELF – B1 деңгейінен төмен емес;

DALF  – B1 деңгейінен төмен емес;

TCF –  B1 деңгейінен төмен емес.

  1. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама, флюорография;
  2. 3×4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
  3. шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;
  4. соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізбесі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе;
  5. алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша).

Құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушіден құжаттарды қабылдамайды.

*TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханының алдында ҰТО жүргізетін ағылшын тілін білуге ​​арналған қосымша тестіні тапсырады.

Құжаттар тізімі