17-19 СӘУІРДЕ с.ж.аСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ (АЛМАТЫ Қ.) МЕДИЦИНА САЛАСЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ D.O.C. – Development. Opportunities.Cooperation. АЛҒАШҚЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТЕДІ




17.04.2012

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

«Барлығымыз бір медицина отбасының мүшелеріміз, біздің отбасымызда ұлттар мен шектеулер жоқ. Біздің барлығымызды медицина біріктереді»

Айқан Ақанов

      Форумның негізгі мақсаты шетелдік ЖОО-ның, республикалық және халықаралық студенттік ұйымдардың қатысуымен студенттік ортада халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Форумға қатысушылар – Ресей ЖОО-ң студенттері (Киров мемлекеттік медицина академиясы, Астрахань мемлекеттік медицина академиясы, Санк-Петербург мемлекеттік химиялық-фармацевтикалық академиясы), Украинаның студенттері (Ұлттық фармацевтика университеті), Қырғызстан студенттері (Қырғызстан халықаралық университеті, И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы), Қазақстандық студенттер (Қазақ ұлттық медицина университеті, Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық мемлекеттік академиясы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті), сонымен қатар, студент-жастар ұйымдарының өкілдері (Қазақстан жастары конгресі, Қазақстан студенттері альянсы, Жас Отан, AIESEC және т.б.), және де бейіндік медициналық ұйымдар (Коммуникативтік дағдылар орталығы, Қазақстан медицина-педагогикалық ассоциациясы және т.б.).

Бұл форум Болон процесі қағидаларын жүзеге асыру аясында өтеді және студенттік қауымдастықтың ынтымақтастық пен болашақ перспективалар ауқымындағы алдағы жоспарларын талқылауға мүмкіндік береді. Білім берудің заманауи үлгілерін құрастыру және үндестіру – білім алушылар басты рөлді ойнайтын процесс, өйткені мамандар еліміздің ЖОО-да алып жүрген біліміне бүкіл мемлекеттің болашағы байланысты болады.

Бүгінде С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ әлемнің 60 Университетімен жұмыс істейді, ЖОО-ң белсенді халықаралық қызметінің дәлелі ретінде 2011 жылғы желтоқсанда Университет күндері-2011 аясында университет базасында «Серіктестік пен инновация арқылы жетістікке» деп аталатын халықаралық дөңгелек үстел өтті, соның қорытындысы ретінде серіктес Университеттер серіктес ЖОО арасындағы халықаралық серіктестіктің дамуы туралы резолюцияға қол қойды. Форумның қатысушылары болашағының мол мүмкіндіктер бар әрі келешегі кемел мүшелерден тұратын «болашақтың медицина қауымдастығын» қалыптастыруды жоспарлап отыр.

.

ҚазҰМУ баспасөз қызметі