2012 жылғы 1 ақпанда ҚазҰМУ-да Стоматология және жақ-бет хирургиясы білім беру-инновациялық институты ашылды




02.02.2012

2012 жылғы 1 ақпанда ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақанов стоматология факультетінің профессорлар-оқытушылар құрамымен кездесіп, аталған ұжымды жаңа мекеменің ашылуымен құттықтады. Кездесуге, сондай-ақ, клиникалық жұмыс және ұйымдастыру мәселелері жөніндегі проректор Мырзабеков О.М., оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Төлебаев Қ.А. және Әкімшілік-кадр жұмысы жөніндегі департаменттің директоры Құрақбаев Қ.Қ. қатысты.

  • Оқытудың кредиттік-модульдік жүйесін енгізу
  • Эдвайзерлер қызметінің сауатты жүйесі
  • 6 жыл бойы оқытудың және бақылаудың біріктірілген жүйесі, оның ішінде «жалпы тәжірибелі тіс дәрігері» біліктілігі берілген интернатураны және бакалавриатты қосқанда
  • Департаменттің және Республикалық «Стоматология және ЖБХ» оқу-ғылыми-клиникалық орталығының оқу-техникалық базасын жетілдіру.
  • Пәрменді педагогикалық әлеует
  • ҚР БжҒМ гранттары бойынша ҚазҰМУ стоматологтары 4 ғылыми жұмыс орындады –

Құрылымдық-ұйымдастырушылық реформалар қатарын жүргізу мүмкіндігі берілді.

Ғылыми кеңестің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Шешімі бойынша және ректордың бұйрығы бойынша Университеттің Республикалық «Стоматология және ЖБХ» оқу-ғылыми-клиникалық орталығының клиникалық базасында Стоматология және жақ-бет хирургиясы білім беру-инновациялық институты ашылғаны белгілі.

Институт құрамында ПОҚ-тың 87 өкілі және 655 студент бар.

Директордың м.а. қызметіне проф. Оразалин Ж.Б. тағайындалды.

 

ҚазҰМУ баспасөз қызметі