2012 жылғы 7 сәуірде ҚазҰМУ студенттері мен қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке шықты




10.04.2012

Сенбіліктер — бұл ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан дәстүр. Қоқыс мәселесі адамзат пайда болған заманнан бері өзекті болып келеді. Қазіргі кездегі адамның жыл сайын 250 килограмм тұрмыстық қалдық өндіретіні анықталған… Қала ауқымы үшін көп көрсеткіш.

Қаланың сұлулығы — бұл тек сәулет қана емес, ол тәртіп пен тазалық та болып табылады. Осы өлшемдер бойынша қала тұрғындарына да баға беруге болады. Қоқыстан таза қала – бұл оның тұрғындарының өркениеттілігінің көрсеткіші, олардың отансүйгіштігі мен азаматтығының, әрі өз үйіне деген сүйіспеншілігінің деңгейі.

7 сәуір күні қала тұрғындары мен ұжымдары көрікті көшелерінің көркеюіне өз үлестерін қосты. ҚазҰМУ студенттері мен қызметкерлері де қалыс қалған жоқ.

Бірнеше сағат ішінде Университет ұжымы көшелер мен ЖОО аумағын тазалады.

Біздің альма-матер – бұл біздің ортақ үйіміздің бір шаңырағы, және әрбір студент пен қызметкердің қатысуына университетіміздің амандығы мен сыртқы келбеті байланысты болып табылады. Студент оқу ордамыз үшін бір игі іс жасағанда ол шынымен-ақ альма-матерге айнала түседі. Сенбіліктің негізгі міндеті – әрбір студентке ЖОО оның өмірінің бір бөлігі екенін және оның болашағының бөлшегі екенін сезіндіретін тәрбие жұмысы болып табылады.

ҚазҰМУ баспасөз қызметі