Ақ халатты абзал жанға ақ халат лайық па?




02.11.2011

«Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым » ,- деген екен А.Македонский.

Сол сияқты қазан айының жиырмасыншы жұлдызында ҚазҰМУ-дың «Жалпы медицина» факультетіне 5 жыл толуына орай сабақтан тыс уақытта I курс студенттерімен экономика негіздері пәнінің мұғалімі Халықов Мақсат Әбілхатұлының қолдауымен және дебат дарабоздары «Үкімет» және «Оппозиция» топтарының қатысуымен «Ақ халатты абзал жандар ақ халатқа лайық па?» тақырыбында пікір-талас ұйымдастырылды. Пікір-таласта қазіргі кездегі дәрігерлердің этикасы, білімі, яғни дәрігерлердің саны емес, біліктілігіне мән берілетіндігі жөніндегі өзекті мәселелерді өрбітті. Сонымен қоса, көрермендер арасында ұтқыр ойларын білдірушілер артық болмаса кем түспеді. Яки, қазіргі жастарымыз үшін, адамның ой-санасын дамытатын және студенттердің көпшілік алдында еркін сөйлеу қабілетін арттыратын пікірталастар, семинарлар өткізіліп тұрса нұр үстіне нұр болар еді.

 

Жалпы медицина факультетінің 1 курс студенті

Бақытжанова Ақмарал Қуанышқызы