2011 жылғы 3 қазаннан бастап Клиникалық-білім беру орталығы базасында «Ұстаздың денсаулығы» бағдарламасы аясында төменде көрсетілген ауқымда скрининг жүргізілуде:
- Жалпы қан талдамасы
- Қанның биохимиялық талдамасы (10 параметр: АСТ, АЛТ, глюкоза, несепнәр, холестерин, креатинин, СРА, жалпы билирубин, триглициридтер , жалпы ақуыз), қан алу.
- Терапевтке қаралу
- Кеуде қуысы ағзалары рентгенографиясы
Медициналық тексеру биылғы жылдың соңына дейін деканаттар мен клиникалық бөлім бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.
Флюорографиялық (рентгенологилық) тексеру бар болса, рентгенолог дәрігердің кеңесіне сағат 08.00-ден 12.00-ге дейін кіруге болады.
Қан талдамалары нәтижесі бар болса, терапевт сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды.
Кеуде қуысы ағзалары рентгенографиясы сағат 08.00-ден 16.00-ге дейін
Құрметпен, клиника әкімшілігі
Анықтама телефондары: 292-14-24, 292-75-49.