Аяулы арулар! Қымбатты ханымдар!




07.03.2012

Ең алдымен Сіздерді осынау үлкен мейрам – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер.

Көктемнің осы бір шырайлы күнінде біріміз аналарымызды, апа-қарындастарымыз бен қыздарымызды құттықтауға асығамыз.

Біздер үшін бұл күн жарқын да, жақын мереке. Өйткені әйел-ана – тіршілік көзі, өмір өзегі.

Халқымызда «гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі» деген сөз бар. Біз – қашаннан ананы аялап, қыз баланы мәпелеген ұлтпыз. Бабаларымыз әйел-ананы «ақ бесіктің иесі, туған жердің киесі» десе, аруларымызды айдында жүрген аққуға теңеген. Сондықтан да, бұл мереке біздің бойымыздағы ең ізгі, ең ыстық сезімдерді оятады.

Бүгінгі мерейлі күні Сіздерге қуаныш пен шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін.

Ізгі ниетпен,

Айқан Ақанұлы