Ардақты Ұстаздар!




30.09.2011

Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қоғам әрқашан да білім саласы қызметкерлеріне ерекше міндет жүктейді. Дана халқымыз «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деп тегін айтпаса керек.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.Ұстазы жақсының шәкірті үздік.  Жаксы дәрiгердiң тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы маман шығатыны сөзсіз.
Уақытпен санаспай бар ынта-жігерімен студенттердiң бойына ізгілік нәрін егетін, олардың қабілеттерін ұштап, білгендерін үйрететін Ұстаз жандарға бас иеміз.

Сіздерге орасан зор еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіріп, зор ден-саулық, жаңа шығармашылық табыстар, істеріңізге сəттілік,  отбасыңызға амандық тілейміз!

Баспасөз қызметі