ҚазҰМУ-дағы әлемдік ғылымның көрінісі




05.07.2011

29 маусымда С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде әлемге аты танымал шетел профессорларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Биыл Мемлекет басшысы студенттерді, магистранттарды және PhD докторанттарын даярлау сапасын арттыру міндетіне аса мән беру қажет екенін атап өткен: «Қаржы мен инвестиция жолындағы күрес екінші орында қалды, бірінші орынға білікті мамандар мен кәсібилік шықты». Осыған байланысты шетелден біліктілігі жоғары профессорларды шақырылуда. Егер 2005 жылы жылына 40 профессор шақырылса, биылғы жылы олардың саны 300-ге жетті. Бұл шараға бөлінген қаржы да 10 есеге, яғни, 2,5 млрд. теңгеге өсті.

Осы жылдың соңына дейін тек Қазақ Ұлттық медицина университетіне 100 профессор шақырылып отыр. 1912 жылы 242 профессор шақырылады деп жоспарлануда. Олардың барлығы – әлемдік атағы бар ғалымдар.

Жүргізіліп отырған бұл шаралар негізінен студенттер мен оқытушылардың интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталып отыр.

Баспасөз мәслихатында төмендегі адамдар қатысады:

Ресейдің беделді ғалымдарының бірі – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, денсаулық сақтау ісінің үздік ұйымдсырушысы және педагог Комаров Юрий Михайлович. Бүгінгі таңда Ю.М.Комаров Денсаулық сақтау ісін жүйелі түрде талдау Ведомствоаралық кеңестің төрағасы, РФ қоғамдық денсаулық сақтау ісі бойынша Ғылыми кеңесінің төрағасы, РФ Ресей тұтынушы сұранысын қадағалау темір жол гигиенасы Жалпыресейлік Ғылыми-зерттеу институты денсаулық сақтауды ұйымдастыру және экономика бөлімінің, сондай-ақ орталық жетекшісі, отбасылық медицина бойынша Дүниежүзілік ұйым мүшесі, сапа бойынша Мельбурн орталығындағы Медициналық көмек сапасы бойынша Халықаралық ұйымның мүшесі.

Сонымен қатар, Америкалық халықаралық денсаулық сақтау одағымен бірігіп, медицина көмегінің сапасын қамтамасыз ету үшін РФ әртүрлі аймақтарында дәріс оқиды. Екі жыл аясында (2005-2066жж) Еуроодақтың халықаралық сарапшысы бола жүріп Украинада медициналық көмек сапасын арттыру үшін медициналық стандарттарды дамытуды стратегиялық жоспарлау бойынша ТАСИС жобасының іске асу үдерісіне қатысқан.

Профессор Сергей Козлов – жұқпалы аурулар саласындағы ірі ресейлік маман, РФ Білім министрлігінің бас паразитологы. Дәріс бағдарламасының атауы: «Паразитарлық тропикалық аурулар».

23 маусымнан 1 шілде аралығында ҚазҰМУ-да «Профессорлардың ҚазҰМУ-ға келуі» бағдарламасы аясында Әскери-медицинкалық академиясының (Санкт-Петербург, РФ) паразитология және тропикалық аурулар курсы бар жұқпалы аурулар кафедрасының паразитология және тропикалық арулар курсының жетекшісі, РФ Білім министрілігінің бас паразитологы, профессор Сергей Козловтың дәрістері өтеді.

Бағдарлама атауы: «Паразитарлық тропикалық аурулардың өзекті мәселелері».

Нанотехнология саласындағы ең үздік мамандардың бірі – профессор Грегори Баттори –Будапешт университетінің Semmeilweis ғылыми-білім беру орталығының «Наномедицина» қолданбалы зерттеу зертханасының жетекшісі.

Профессор Қуат Момынәлиев – биология ғылымдарының докторы, РФ Денсаулық сақту министрлігі (Мәскеу) Физикалық-химиялық медицина ғылыми-зерттеу институтының медициналық нанотехнология зертхнасының жетекшісі, Ресей Федерациясында геномды зерттеу саласында бекітілген мемлекеттік келісім-шарттардың басты орындаушысы. 2009-2010 жылдары ҚР Ұлттық биотехнология орталығын ұжымдық қолданудың Ұлттық ғылыми биотехнолгия зертханасының жетекшісі. Қуат Момынәлиев биомедицинадағы гендік құрылым немесе гендік болжам, геномды оқу технология, бионанотехнология, генетика, трансплантология және заманауи тенденцияларының пробеламалыр бойынша курсты оқуға келді.

Профессор Грегори Баттори және Қуат Момынәлиев «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарлама аясында геномдық зерттеулерді ұжымдық қолдану орталығын құруға қатысу үшін шақырылды.

Профессор Михаэль Каганский – Герцфельд (Израиль) Гериатриялық аурухананың реанимациялық бөлімшесінің директоры, Израильдің озық геронтологы мен реанимотологы.

Зоар Авив – әйгілі Израиль кардиологы.

Шақырылған профессорлар университет басшылығын даярлығы бар қызықты аудиториямен жұмыс істеуге мүмкіндік бергендері үшін алғыс білдірді. Профессор Комаров айтып өткендей, «мұндай студенттерді көп болған еді көрмегеніме. Маған ұстазға деген ерекше құрметтері ұнады. Оқытушы ретінде аудиториямен жұмыс барысында ерекше әсер алдым. Университет түбегейлі өзгерген. Айқан Ақановтың беделі осы мекеменің де беделін асырып тұр». Өз кезегінде университет басшылығы ұзақмерзімді әріптестік қарым-қатынасқа сенім білдіретіндігін жеткізді.