С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің клиникасы (Профессорлық клиника) Қазақстан Азаматтық Альянсымен, «Аман-саулық» қоғамдық қорымен, «Алматы қ. Алмалы ауданының көпбалалы отбасылары одағы» ҚБ, Мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығы (АРДИ) ҚБ-мен бірлесіп 2012 жылғы 4 ақпанда сағат 10:00-нан 14:00 дейін көпбалалы отбасылардың балалары үшін және мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ҚазҰМУ клиникасында «Ашық есік күнін» өткізеді.
Іс-шара аясында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың профессорлар-оқытушылар құрамының қатысуымен төменде көрсетілген салалар бойынша тегін кеңес беру қабылдауы ұйымдастырылған:
Кардиоревматолог – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Хабижанов Болат Хабижанұлы;
- Кардиоревматолог – медицина ғылымдарының кандидаты, Хитуова Лидия Киікбайқызы;
- Пульмонолог – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Құрмамбекова Сәуле Қаспаққызы;
- Эндокринолог – медицина ғылымдарының кандидаты, Нұрғалиева Жанар Жеңісқызы;
- Нефролог – медицина ғылымдарының кандидаты, Лобанова Рима Петровна;
- Аллерголог – жоғары санаттағы дәрігер, Баймұратова Айгүл Дощанқызы;
- Гастроэнтеролог – медицина ғылымдарының кандидаты, Қасымова Раушан Нұрпейісқызы;
- Гастроэнтеролог – медицина ғылымдарының кандидаты, Қанағатова Гаухар Маутқызы
Өтетін орны: Алматы қ., Шевченко к-сі, 126, Досмұхамедов к. қиылысы
Анықтама телефондары: 8(727)292-75-49