ҚАЗҰМУ РЕКТОРЫ АЙҚАН АҚАНОВТЫҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚҰТТЫҚТАУЫ




30.12.2011

Құрметті әріптестер!

Қымбатты студенттер!

Біздің Университетіміз үшін өте жемісті өткен, аса маңызды оқиғаларға толы болған және оқу ордамыздың дамуына орасан зор ықпал еткен 2011 жыл да аяқталып қалды.

Қазіргі таңда ҚазҰМУ шапшаң қарқынмен дамып келеді. Өткен жылды қорытындылай келе, біз өз жетістіктерімізді мақтан ете аламыз.

Біз еліміздің инновациялық жоғары оқу орындарының ондығына кірдік.

Біз бүкіл ТМД кеңістігінде өзіне теңдесі жоқ Практикалық дағдылар орталығын аштық.

Біз ҚазҰМУ қызметкерлерінің бірнеше буынының жеке университеттік клиниканың негізін қалау туралы армандарын жүзеге асырып, екі бірдей клиниканың – ішкі ағзалар аурулары және стоматология клиникасының тұсауын кестік.

Біз оқытушылар мектебін аштық.

Біз ЖОО-нын толық ақпараттандыру бағдарламасын іске асырдық. ҚазҰМУ-дың бүкіл территориясында Wi-Fi аумағы жұмыс істейді. Біз 1000 нетбук сатып алып, оларды ең үздік студенттерге тараттық.

Біз бірегей құрылғыға қол жеткіздік, ғылымның дамуында маңызды серпіліс орын алды.

Инфрақұрылымның дамуы үшін көп жұмыс атқарылды. Біз ҚазҰМУ ғимараттарының 85% күрделі жөндеуден өткіздік, мұндай өзгеріс университет тарихында болған емес.

Біз еуропалық білім беру кеңістігіне адуынды қадамдармен жақындап келеміз. Біліктілікті-бағдарланған жолмен негізі қаланған біздің медициналық білім беру моделіміз ең тиімді әрі заманымызға сай келетін бағыттардың бірі ретінде мойындалып отыр.

Еліміздегі медициналық оқу орындары тарихында алғаш рет ҚазҰМУ-ға әлемге танымал 100 визитинг-профессор келді.

2011 жылы біздің студенттеріміздің саны 11 мыңға жетті. Біздің студенттеріміз ерекше дарынды.

Біздің оқытушыларымыз – тамаша адамдар.

Бізді бәрі түрлі деңгейде мойындайды: біз ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловпен бірге жоғары оқу орындары арасында кездесу-конференция өткіздік, ҚР Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекованың қатысуымен республикалық коллегия ұйымдастырдық, Алматы қаласының әкімі А.Есімов бізге үш рет ат басын бұрды.

Біздің «Университет күндері» іс-шарамыз білім беру саласындағы маңызды оқиғаға айналды. 15 алыс және жақын шетелдерден 25 серіктес-ЖОО бізде қонақта болды.

Өткен жылы біз көп нәрсеге қол жеткіздік. Алдымызда үлкен болашақ бар. Университеттің жаңаруы жолындағы жұмыстарымызды жалғастыра отырып, біз жоспарларымыздың барлығын міндетті түрде іске асырамыз. Мен біздің Университет үшін тер төккендерге, дәріс оқығандарға, семинарлар мен практикалық сабақтар жүргізгендерге, кафедраларда, зертханаларда қызмет атқарғандарға, жұмыс процесінің жемісті болуы үшін еңбегі сіңгендердің барлығына мол алғысымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіз арқылы, Университет туған үйіне айналған жандардың көмегінің арқасында біз осының бәріне қол жеткізіп отырмыз.

Көп рақмет сіздерге!

2012 жыл қызу жұмыстар атқарылатын жыл болмақ. Біз даму бағдарламасы бойынша әрі қарай жұмыс жүргізуді жалғастырамыз. Жаңа жылда да біз республиканың ең үздік университеттерінің бірі деген беделімізді дәлелдейміз деп сенемін.

Құрметті студенттер, оқытушылар, достар!

Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын.

31 желтоқсаннан 1 қаңтарға ауған түні жаңа өмірге бастайтын есіктер айқара ашылады екен. Басталатын жаңа өмір жаңа мүмкіндіктерге, жаңа жетістіктер мен жаңа идеяларға толы болсын!

Сіздерге бақыт, табыс және денсаулық тілеймін. Отбасылырыңызға амандық, бірлік пен береке тілеймін!

Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметпен,                                                                                                                                                                  Айқан Ақанов