«Қазақстан тәуелсіз мемлекет және оның әлеуметтік-саяси дамуы» тақырыбына арналған студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция




10.04.2012

10.04.2012 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қаз ҰМУ-нің Масанчи дәріс корпусының  № 8 дәрісханасында Қазақстан тарихы, философия, саясаттану, әлеуметтану кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан тәуелсіз мемлекет және оның әлеуметтік-саяси дамуы» тақырыбына арналған студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның қонағы ретінде жалпы білім беру департаментінің директоры Оспанов Т.Т. және жалпы медицина факультетінің тәрбие жөніндегі декан орынбасары  Ниязбеков С.А. қатысты. Конференцияға жалпы медицина факультетінің 1-курс студенттерінен 150 студент қатысып,  бірнеше баяндамалар оқылды.

Жалпы медицина факультетінің

декан орынбасары                                                Ниязбеков С.А.