Қазақстандықтар Ұлыстық ұлы күні – Наурыз мерекесінде 5 күн демалатын болады




14.03.2012

ҚР «Мерекелері туралы» Заңындағы өзгертулерге сәйкес (2009 жылдың 22 наурызынан) 21, 22 және 23 наурыз демалыс күндері болып саналады. Биыл осы күндер аптаның сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндеріне келіп тұр. Сәйкесінше күнтізбе бойынша сенбі және жексенбі демалыс күні. Осылайша демалыс 5 күнге созылатын болды.

Көктемнің Наурыз мейрамы жер бетіндегі ең көне және ұлы мерекелердің бірі. Қазақстанда Наурыз мемлекеттік мереке ретінде 2001 жылдан бастап тойланады.