«Біз қылмысқа қарсымыз»




02.11.2011

25.10.11 күні С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің  № 1 жатақханасында «Біз қылмысқа қарсымыз» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел мақсаты – студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Дөңгелек үстелге жатақхана студенттері мен тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі басқарма жетекшісі Ильясов Н.Е , жалпы медицина факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Жиеналиев Ж.А. қатысты. Дөңгелек үстелде «Бүгінгі қадам-ертеңгі із өшпейтін», «Білімгер жастар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу», «Мы учимся чтобы лечить-а не калечить», «Менің университетім – мақтанышым» және т.б. баяндамалар оқылды. Дөңгелек үстел барысында студенттер бір-бірімен өздерінің ойларымен бөлісіп, өз пікірлерін білдірді.

Жалпы, бұл дөңгелек үстелде студенттер белсенді қатысты, әр мәселенің шешіміне өз көзқарастарын ұсынды.  Осы дөңгелек үстелден кейін студенттерде университетке және болашақ мамандықтарына деген патриоттық сезімі оянды деген ойдамыз.

                                                                                  №1 жатақхананың студенттік

кеңесінің мүшесі,

ЖМФ 3 курс студенті Оразбаева Мөлдір