Д.Драпер атындағы коммуникативтік дағдылар орталығындағы «Радуга» тұлғалық өсу клубы «Нейро-лингвистикалық бағдарламалау (НЛБ)» тренингтер циклін аяқтады




01.04.2013

Тұлғалық  өсу клубы «Радуга» және оның белсенді қатысушылары «Нейро-лингвистикалық бағдарламалау (НЛБ)»психотерапевтік әдісті зерттеу мақсатында 8 кездесу өткізді(05.02.2013 – 28.02.2013).

Жетекші – кеңесші: А.О. Курбанова коммуникативтік дағдылар кафедрасының ассистенті, КДО бас маманы. Жауапты жүргізуші: Касымжанова Мадина (4 курс, ЖМ).

«НЛБ» – практикалық психологияның бір бағыты, бұл бағыттың негізгі мақсаты адамның мүмкүндіктерін зерттеп жетілдіру. Яғни НЛБ адамның өмірінің жан-жақты салаларында жетістікке, қойылған мақсатқа сәтті жету үшін адамның белгілі бір қасиеттерін дамытуға арналған әдістер жүйесін шығарумен айналысады. Адамның сөздік және сөздік емес мінез-құлқын, сөйлеу түрлерінің арасындағы  байланыстарын ,көз, дене және ес қозғалыстарын модельдеу техникасына негізделген.

Тренинг брысында келесі тақырыптар қарастырылды: НЛБ трихы; Қабылдаудың ерекшеліктері; Лингвистикалық компонент; Психотерапияда қолданылатын НЛБ әдістері мен техникалары.