«Екі жұлдыз» вокалдық ретро-ән байқауының 2-туры




05.04.2013

Сәуірдің 03-і күні 2013ж. ЖМ 12 – 004, 12 – 008, 12 – 009 топтар студенттері және тьютор аға оқытушы Ерназарова С.Т., Марданова Ш.С., Мадалиева С.Х.-мен С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің мәдени іс-шараларды қолдау аясында,тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен, қалыптасқан дәстүрлі мерекелік шараның бірі «Екі жұлдыз» вокалдық ретро-ән байқауының 2-турын «Concordia» театрында тамашалап қайтты. Жобада 16 жұп, 16 студент және осы уақытқа дейін сахнада кәсіби түрде ән айтпаған 16 ұстаз қатысқан. Өзіндік ерекшелегімен көрерменді тәнті етіп, көпшіліктің ықыласына бөленген бұл жобаның қатысушысы тьютор аға оқытушы Ерназарова С.Т.-ның қолдауымен  ЖМ 12 – 004 топ студенті Орынбасар Шаттықтың өнерін тамашаладық. Сонымен қатар бұл вокалды жарыс болғандықтан фонограмма қолданылмайды деп хабарланған. Қатысушылар тек жанды дауыспен ән айтқан.

ЖМ 1 курс 004 топ студенті Орынбасар Шаттық және Куткожина З.О. ұстаздан тұратын жұлдызды жұптарымыздың барынша нақышына келтіре орындаған әндері: «Венус». Әнге сай ұйымдастырған таңғажайып қойылымдары мен ерекше костюмдері көрермендер тарапынан үлкен ықылас пен қазылардың жоғары бағасына ие болған.