ЕО Қазақстан Республикасындағы жұқпалы аурулардың алдын алу және олармен күресу жобасына қолдау көрсетуде




24.05.2012

ЕО Қазақстан Республикасындағы жұқпалы аурулардың алдын алу және олармен күресу жобасына қолдау көрсетуде. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті мен Германия халықаралық ынтымақтастық және даму саласындағы еуропа агенттіктері желісі қоғамы (EUNIDA/GIZ) арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

17 мамырда Қазақ Ұлттық медицина университетінде Университет пен Еуропалық Одақ тарапынан қаржыландырылатын «Қазақстан Республикасына жұқпалы аурулардың алдын алу және бақылауға қолдау көрсету» жобасы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті. Меморандум университет пен Еуропалық Одаққа мүше елдердің бейіндік мекемелері арасындағы медициналық білім беру жүйесіндегі ұзақ уақыттық ынтымақтастыққа ұмтылудың және медбикелер білімі үшін ең үздік халықаралық тәжірибені қосу арқылы оқу бағдарламасын жаңартудың айғағы.

Пресс-конференцияда ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақанов, Қазақстандағы Техникалық ынтымақтастық жөніндегі ЕО Өкілдігі бөлімінің басшысы Рене Мали және EUNIDA/GIZ жобасының жетекшісі Ольга де Вогель де Хаан спикерлер ретінде сөз сөйледі.

«Біз мұнда өз тарапымыздан әрі Қазақстан сарапшылары тарапынан да осы кезге дейін жинаған білімімізбен алмасу үшін бас қосып отырмыз. Жұқпалы аурулармен күресудегі панацея ретінде өз әдістерімізді ешкімге күштеп міндеттеуді көздемейміз. Біз бірлесе отырып орын алып отырған қауіппен әрі оның жаңа түрлерімен күресуге күш жұмсауымыз қажет», – деп хабарлады Қазақстандағы Техникалық ынтымақтастық жөніндегі ЕО делегациясының басшысы Рене Мали.

Сондай-ақ «ҚР жұқпалы аурулардың алдын алу және бақылауға қолдау көрсету» жобасын жүзеге асырудың техникалық жақтары да талқыланды.

Оның мақсаты – қоғамның денсаулығына негізгі қауіпті төндіретін көптеген әрі ауқымды дәрі тұрақтылығымен АИТВ және туберкулездің таралуын төмендетудегі, сондай-ақ ауруханалар мен басқа медициналық мекемелердегі АИТВ және «С» гепатитінің гемоконтактілік жұқпаларының алдын алудағы медбикелердің рөлін және оған қатысуын арттыру. Осы мәселелер бойынша оқу курстары оқу жоспарына кіргізілетін болады, ал тәжірибемен айналысып жүрген медбикелерге ең үздік халықаралық әдістемелер мен ұсыныстарға сай жұмыс істеу әдістері үйретіледі.

EUNIDA/GIZ жобасының жетекшісі Ольга де Вогель де Хаан Қазақстандағы туберкулезбен күрес ұлттық бағдарламасын қарастырып шыққан ДСҰ халықаралық тобының қадағалауына сәйкес, медициналық қызметтің көрсетілуі, жалпы алғанда, пациенттердің емес, жеткізушілердің қажеттіліктеріне қарай жасалғандығын атап айтты.

Осыған байланысты денсаулық сақтау қызметкерлерінің әлеуетін нығайту олардың қызмет көрсетудегі жаңа рөлін меңгеруге көмектесу үшін қажет.

Медбикелер клиентке бағдарланған қызметтер мен жеткізушілер және қызметті қолданушылардың денсаулық сақтау саласындағы қауіпсіздігін жетілдіру арасындағы байланыстырушы мүше болып табылады. Жұқпаларды бақылау жөніндегі сарапшылардан және медбикелерден, ҚазҰМУ оқытушыларынан, алғашқы медициналық-санитарлық жәрдемнің тәжірибелік мамандарынан, ЖИТС (СПИД) және туберкулез проблемалары жөніндегі орталықтардың, алдыңғы қатарлы ҮЕҰ-дан құралған жұмыс тобымен бірлескен жоба аясында екі тәжірибелік құрал мен медбикелер үшін оқу курстары әзірленеді.

Оқу курсы ҚазҰМУ-дың жұмыс планына енгізілетін болады, бұл дайындалған құралдардың және  курстардың медбикелерге білім берудің жалпы жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

 

Ақпараттық анықтамалық

Қазақстанда ДСҰ шолуы бойынша туберкулез жағдайларының жалпы саны 2009 жылы 30 578 құрады, 2010 жылы – аурудың  1 564 жаңа жағдайлары анықталды, олардың 14% – көптеген дәрі тұрақтылығымен, формальді түрде емделген тұлғалар, қайтадан жұқтырғандар –  45%.

 

«Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының мақсатты көрсеткіштері

  • Ана өлімін 100 мың тірі туылғандар бойынша есептегенде 2013 жылға қарай  28,1 дейін, 2015 жылға қарай –  24,5 дейін төмендету;
  • Сәби өлімін 100 мың тірі туылғандар бойынша есептегенде 2013 жылға қарай  14,1 дейін, 2015 жылға қарай –  12,3 дейін төмендету;
  •  Туберкулезбен ауыруды 100 мың халыққа шаққанда 2013 жылға қарай 98,1 дейін, 2015 жылға қарай 94,7 дейін төмендету;
  • АИТВ-жұқпаларының 15-49 жас аралығында таралуын 0,2-0,6% шамасында ұстап тұру

 

ҚазҰМУ Баспасөз қызметі