Ішкі ағзалар аурулары клиникасы




14.01.2012

ІШКІ АҒЗАЛАР АУРУЛАРЫ КЛИНИКАСЫ

 ІШКІ ПАТОЛОГИЯ:  ГЕПАТОЛОГИЯ, РЕВМАТОЛОГИЯ, ЭНДОКРИНОЛОГИЯ

САЛАСЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК КЛИНИКА

Біздің клиника ішкі ағзалар ауруларына диагноз қою, оларды емдеу және алдын алуды заманауи деңгейде жаңа технологияларды қолдана отырып жоғары сапалы медициналық көмек ұсынады. Клиника әлемдік өндірушілердің заманауи медициналық құралдарымен жабдықталған және кең ауқымды қызмет түрлерін ұсынады. Біздің емдеу мекемеміздің медқызметкерлері бай білім қоры мен тәжірибесін ауру түрлерінің алдын алу мен емдеу үшін, емделушілердің денсаулығын сақтау әрі күшейту жолында өздерінің дәрігерлік борыштарын мінсіз атқарады. Қабылдауды медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, жоғары және бірінші білікті санаттағы дәрігерлер жүргізеді.

Емханада ішкі ағзалар аурулары бойынша (эндокринология, гастроэнтерология, ревматология, пульмонология, кардиология және т.б.) кешенді тексеруден өтуіңізге болады, оның ішінде ЭКГ Холтер бойынша мониторлау, артериалдық қан қысымын тәуліктік мониторлау, спирометрия бар.

Емханада ҚР үздік ревматолог мамандары емдеу-кеңес беру жұмыстарын жүргізеді. ҚазҰМУ клиникасының ревматологтары ревматология саласы бойынша диагноз қою мен емдеудің инновациялық әдістерін қолданысқа енгізу мақсатында жақын және алыс шетелдерде өз кәсіби деңгейлерін үнемі арттырып отырады.

Ревматология бөлімшесінде буындар мен омыртқа ауруларына, дәнекер тіндердің диффуздық ауруларына диагноз қою және емдеу жүргізіледі; сүйектердің минерал тығыздығының деңгейі анықталады (денситометрия). Ревматология ауруларына шалдыққан емделушілерді емдеуде әлемдік медицинаның соңғы жетістіктері, оның ішінде гендік-инженерлік терапия қолданылады.

Эндокринология бөлімшесінде ерте диагностикалау бойынша кеңестер беріледі және эндокриндік ауру түрлеріне жаңа технологиялар бойынша стационарлық ем жүргізіледі: цитокинодиагностика және цитокинотерапия, қант диабетінің асқынулары, ұйқы безінің аурулары, эндокриндік аурулар жағдайындағы эрекциялық дисфункцияны емдеу, әйел бедеулігін және ер адамдардың азоспермиясын емдейді. Сондай-ақ эндокринолог мамандардың кеңесін алыңыз, «Диабеттік табан және қол» кабинетіне қаралыңыз, қант диабетінің кейінгі асқынуларының алдын алу бойынша ұсыныстар беріледі, балалар эндокринологының инсулин помпасын қолдану арқылы 1 типті ҚД емдеудегі жаңа технологиялар туралы кеңесі.

Гепатология және гастроэнтерология бөлімшесінде тексерудің кешенді бағдарламалары, оның ішінде гепатиттер мен асқазан-ішек жолдары аурулары бар. Кең ауқымды зертханалық тексерулер, УДЗ, гастроскопия, колонофиброскопия, фибросканирлеу, қажет болған жағдайда бауыр биопсиясы, холангиография.

Дәрігерлердің кәсіби деңгейі, клиника қызметкерлерінің мұқият ілтипаты, әлемдік және отандық медицинаның ең жаңа жетістіктеріне негізделген тексерудің заманауи инструменталдық әдістері және емдеу стандарттары уақытылы алдын алу шараларын өткізуге және әрбір емделушіге бағытталған  емдеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Біз өз емделушілеріміздің денсаулығының жылдам сауығуына барлық жағдайды жасаймыз!

Мекенжайымыз:

Райымбек д-лы, 50а
телефон: 87273862866