Көркейген Қазақстан халқының бақытты 20 жыл бейбітшіліктегі, келісімдегі, өркендеудегі Тәуелсіз Қазақстан




29.12.2011

2011  жылдың  28  желтоқсан  күні   Қазақстан  тарихы ,  философия, саясаттану  кафедрасынтың  аға  оқытушысы  С. А . Жолдыбаева  және I курс  Жалпы медицина  факультетінің  015 топ студенттерінің ұйымдастырумен   Қазақстан  Республикасы  тәуелсізділігінің  20 жылдық  мерейтойына арналған ” Көркейген Қазақстан халқының бақытты 20 жыл бейбітшіліктегі, келісімдегі,өркендеудегі Тәуелсіз Қазақстан”  атты  дөңгелек үстел өткізілді.Бұл кешке Қазақстан тарихы,  философия, саясаттану  кафедрасының  меңгерушісі доцент З.Ү.Бисембаева, кафедра оқытушылары Р.А.Баженов, С.М.Илгидаева, З.А.Ногайбаева , К.Ә.Төлентаева және Ғ.Т.Рсалдиналар қатысты.

Кешті ЖМ-11-015 топтың өнерлі студенті Джанкуатов Өмірбек «Алға, қазақ жігіттері» атты әсем әуенімен ашып берді.

Жүргізуші Кеңес Нұржамал дөңгелек үстелді ары қарай жалғастырып, өз сөзінің соңында ортаға Әкімбекова Айдана мен Шалтаева Ақтолқынның « 20 жыл ішіндегі, Қазақстан жетістіктері» , Қаржау Айдана «Н.Ә.Назарбаев» , Мақсотова Жанар «Бас қала- Астана» атты презентацияларымен шақырды.

Сергіту сәті ретінде ЖМ-11-015 топ студенті Аташова Ғалия «Бәрін білгім келеді»  деп аталатын интеллектуалды ойыны мен Серікбаева Жанерке дайындаған «сөзжұмбақ» студенттер мен келген қонақтар көңілінен шықты.

Кеш соңында Қазақстан  тарихы ,  философия, саясаттану  кафедрасының  меңгерушісі доцент З.Ү.Бисембаева студентерге ризашылығы мен ізгі тілектерімен аяқтады.