Коммуникативтік дағдылар орталығына Джулиет Драпердің атын беру салтанаты




10.12.2012

4-желтоқсан күні коммуникативтік дағдылар орталығына Джулиет Драпердің аты берілді. Джулиет Драпер – медицина ғылымдарының докторы медицинадағы коммуникативтік дағдылар жөніндегі маман және сарапшы ( Ұлыбритания, Кембридж университеті). Д.Драпер – жиі-жиі басылымнан шығатын және әлемнің көптеген жоғары оқу орындарының оқулығы болып табылатын, коммуникативтік дағдылар туралы алғашқы кітаптардың авторы: «Медицинадағы коммуникативтік дағдыларды зерттеу және оқыту», « Науқастармен қарым-қатынас жасау дағдылары».

Беверли Дин – кәсіби актриса, науқас рөлін ойнаушы және коммуникативтік дағдылар саласында науқас рөлін ойнаушылардың тренеры ( Ұлыбритания, Кембридж университеті).

 

ҚазҰМУ ректоры  проф. А.А. Ақанов, ректордың кеңесшісі проф. Ж.Г. Мустафина, оқыту – тәрбие жұмысы бойынша проректор проф. К.А. Тулебаев, «Life saiens» департаментінің директоры Р.Р. Юсупов, профессорлар – визитингі Уолтер Ханклоски (Оңтүстік  Каролина университеті), проф. Нида Жемайтене (профессор, денсаулық кафедрасының меңгерушісі,  денсаулық ғылымдары университеті (Литва), проф. В.И. Петренко № 3 медицина фокультетінің деканы, А.А. Богомольца атындағы ұлттық медициналық университеттің фтизиатрия кафедрасының меңгерушісі (Украина), А.Б. Садыкова ( Қазақстанның ұлттық медицналық ассоциация президенті) білім беру және денсаулық сақтау сферасындағы басқа да қонақтар, Қазақстанның жетекші ғалымдары.

 

Джулиет Драперге А.Б. Садыкова ( Қазақстанның ұлттық медициналық ассоциация президенті) және ҚазҰМУ ректорының кеңесшісі проф. Ж.Г. Мустафина салтанатты түрде «Алтын Дәрігер» белгісін табыстады.

 

Құттықтау сөзімен коммуникативтік дағдылар орталығының және коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасының жетекшісі М.А. Асимов және С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ психиатрия, психотерапия, наркология кафедрасынан Г.А. Кудьярова;  п.ғ.д., міндетін атқарушы проф. А.Т. Акажанова (ҚазМемҚызПу) және басқалар шықты.

Проф. М.А. Асимов және доктор Джулиет Драпер 47-адам қатысқан, соның ішінде шетелдік қонақтар, білім беру жүйесіндегі қызметкерлер қатысқан «Дәрігердің коммуникативтік компитенциясы іскерлік негізі ретінде» атты дөңгелек стол өткізді.

Дискуссияда мынандай сұрақтар талқыланды: «Медициналық жоғары оқу орындарындағы коммуникативтік дағдыларды беру мәселелері»,  «Болашақ дәрігердің коммуникативтік компетенциясын қалыптастыру мәселесі», «Медициналық жоғары оқу орындарының студенттерінің коммуникативтік компетенциясын бағалау мәселелері», «Науқас рөлін ойнаушыларды таңдау және оқыту мәселелері»

 

Дөңгелек столды қорытындылай отырып резолюция қабылдады: жазғы және қысқы мектептердің жұмысын жалғастыру, тренингтік бағдарламаларды және ПОҚ мүшелеріне арналған қарқынды курстарды дайындап және өткізу; осы эллектрондық ақпарат  ресурстарының ағылшын тіліндегі түріне қолдау көрсету; осы бағыттағы шетелдік университеттер мен тәжірибе алмасуды жалғастыру.