Міндетті пәндер

Негізгі бет » Міндетті пәндер

 

Түлек моделі Бағдарлама паспорты Міндетті пәндер Элективті пәндер

 

Пәннің атауы Пәннің қысқаша сипаттамасы Кредит саны
Міндетті пәндер:
1. Балалар мен жасөспірімдердің пародонт аурулары Пән балалар мен жасөспірімдерде бар тіс-жақ аномалияларын және соматикалық ауруларын ескере отырып, әр түрлі жас кезеңінде пародонт ауруларын зерттеу, диагностикалау, алдын алу және емдеу бойынша стоматолог-дәрігердің клиникалық ойлау және практикалық дағдыларын қалыптастырады. Тиімді коммуникацияны, медициналық құжаттарды жүргізу, қазіргі ақпараттық деректер базасында ақпаратты іздеу және сыни бағалау дағдыларын жетілдіреді. 16
2. Балалар мен жасөспірімдерде пульпа және периодонт аурулары Пән балалар мен жасөспірімдердің уақытша және тұрақты тістердің анатомиялық ерекшеліктерін ескере отырып периодонт және пульпа ауруларын тексеру, диагностикалау, алдын алу және емдеу бойынша стоматолог-дәрігердің клиникалық ойлау және практикалық дағдыларын қалыптастырады. Тиімді коммуникацияны, медициналық құжаттарды жүргізу, қазіргі ақпараттық деректер базасында ақпаратты іздеу және сыни бағалау дағдыларын жетілдіреді 16
3. Балалар мен жасөспірімдерде ауыз қуысының шырышты қабығының аурулары Пән әр түрлі жас кезеңдерінде ауыз қуысының шырышты қабығының анатомиялық құрылысының ерекшеліктерін зерттейді және пациентті кешенді тексеруді жоспарлап жүргізу, ауыздың шырышты қабығы мен еріннің қызыл жиегі ауруларымен ауыратын балалар мен жасөспірімдерді алдын алу, кешенді емдеу және оңалту кезеңдерінде стоматолог-дәрігердің клиникалық ойлауы мен практикалық дағдыларын қалыптастырады. 16
4. Балалар мен жасөспірімдердегі тістің қатты тіндерінің аурулары Пән балалар мен жасөспірімдерде түрлі жас кезеңдерінде тістердің анатомиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тіс жегі және тіс жегі емес тістердің ауруларын тексеруде, диагностикалауда, алдын алуда және емдеуде балалар стоматолог-дәрігерінің тәжірибелік дағдыларын және клиникалық ойлауын қалыптастырады. Тиімді коммуникацияны, медициналық құжаттарды жүргізу, қазіргі ақпараттық деректер базасында ақпаратты іздеу және сыни бағалау дағдыларын жетілдіреді. 16
5. Балалар мен жасөспірімдердің ауыз қуысын қалпына келтіру хирургиясы Пән тіс жарақатынан, бет және ауыз қуысының жұмсақ тіндерінің зақымдануынан, бет қаңқасы сүйектерінің сынуынан, ісіктер мен ісік тәрізді түзілімдердің пайда болғаннан кейін балалар мен жасөспірімдерді тексеру, диагностикалау, емдеу және оңалту бойынша стоматолог-дәрігердің тәжірибелік дағдылары мен клиникалық ойлауын қалыптастырады. Дәлелді практика негізінде емдеу мен оңалтудың тиімділігін бағалау. 25
6. Балалар мен жасөспірімдердің ауыз қуысының іріңді хирургиясы -1 Пән балалар мен жасөспірімдерде жақ-бет аймағының остеомиелитін және одонтогенді емес іріңді-қабыну процестерін зерттеу, диагностикалау, алдын алу және емдеу бойынша стоматолог-дәрігердің клиникалық ойлау және практикалық дағдыларын қалыптастырады. Тиімді коммуникацияны, медициналық құжаттарды жүргізу, қазіргі ақпараттық деректер базасында ақпаратты іздеу және сыни бағалау дағдыларын жетілдіреді. 18
7. Балалар мен жасөспірімдердің ауыз қуысының іріңді хирургиясы -2 Пән балалар мен жасөспірімдердің жақ-бет аймағындағы абцесстер мен флегмоналарды тексеру, диагностикалау, алдын алу және емдеу бойынша стоматолог-дәрігердің клиникалық ойлау және практикалық дағдыларын қалыптастырады. Тиімді коммуникацияны, медициналық құжаттарды жүргізу, қазіргі ақпараттық деректер базасында ақпаратты іздеу және сыни бағалау дағдыларын жетілдіреді. 7
8. Балалар мен жасөспірімдерде стоматологиялық араласу кезіндегі жергілікті анестезия Пән балалардың стоматологиялық тәжірибесінде қолданылатын қазіргі заманғы жергілікті анестетиктерді қолдану бойынша практикалық дағдыларды қалыптастырады. Баланың психоэмоционалдық жағдайын ескере отырып, балалар мен жасөспірімдерде жергілікті жансыздандыру жүргізудің ерекшеліктері. Балаларға және жасөспірімдерге стоматологиялық қабылдауда төтенше жағдайлар кезінде өмірге қауіп төндіретін жағдайлардын дамуы кезінде шұғыл көмек көрсету. 18