Міндетті пәндер

Негізгі бет » Міндетті пәндер

 

Түлек моделі Бағдарлама паспорты Міндетті пәндер Элективті пәндер

 

Пәннің атауы Пәннің қысқаша сипаттамасы Кредит саны
Міндетті пәндер:
1. Тіс сауыты ақаулары Пән тістер сауыт бөлігі ақаулары бар пациенттерді тексеру, диагностикалау, алынбайтын құрылымдармен (микропротездер, сауыттар) ортопедиялық емдеу, уақытша (провизорлы) протездер (алынбайтын, шеңдер, каппалар) дайындау, жергілікті жансыздандыру жүргізу; стоматологиялық қабылдауда өмірге қатерлі шұғыл жағдай болғанда жедел көмек көрсету, пациенттерді протезді күтуге ынталандыру бойынша терең білім және тәжрибелік дағдыларды қалыптастырады. 34
2. Жақ – бет аймағы ағзалары ақаулары Пән жарақаттан, жаралану, қабыну үрдістеріне байланысты операциядан кейін, ісіктерден туындаған жақ – бет патологиясы бар пациенттерді тексеру, диагностикалау, жақ-бет протездерімен, имплантқа тіректеп, ортопедиялық ем жүргізу; протезді күтуге ынталандыру; пациенттермен, оның туыстарымен, денсаулық сақтау мамандарымен жақсы нәтижеге жету үшін тиімді араласу бойынша клиникалық ой-пікір қалыптастырады. 32
3. Жақтар толық адентиясы Пән толық тістерін жоғалтқан пациентті тексеру, диагностикалау, толық алмалы протезбен, имплантқа тіректелген ортопедиялық ем жүргізу; тіс-протездік құрылымға толық үйренгенше бақылау, протезді жөндеу бойынша терең білім және дағды қалыптастырады. Коммуникативті дағдылар, медициналық құжатты толтыру, заманауи ақпараттық деректі базаларда іздену және ақпаратты сынай отырып бағалау бойынша дағдыларын жетілдіреді. 32
4. Жақтар жартылай адентиясы Пән тіс қатары ақауы бар пациенттерді тексеру, диагностикалау, протездеуге ауыз қуысын алдын ала дайындау, әртүрлі құрылымдармен (көпірлі протездер, жартылай алмалы протездер, шеңдеуіш құрылымдар, имплантқа тіректелген) ортопедиялық ем жүргізу; уақытша (провизорлық, иммедиат) протездермен (алынбайтын, алмалы, шеңдер, каппалар) және протезді жөндеу, тіс-протездік құрылымдарды күтуге үйрету бойынша клиникалық ой-пікір қалыптастырады. 34