«Оқытушылар мен студенттер арасындағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар»




16.05.2012

2012 жылы 14 мамырда валеология курсымен қалыпты физиология кафедрасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесімен «Оқытушылар мен студенттер арасындағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Осы пікірталасқа жалпы медицина факультетінің деканаты, тәрбиелік және әлеуметтік жұмыс бойынша бөлімі, денсаулық сақтау және фармациядағы менеджмент және маркетинг құқық негіздерімен кафедрасы, «ТОP-100» студенттік ұйымы және 1,3 курс студенттері шақырылды. Дөңгелек үстелді кафедра меңгерушісі, проф. А.Д.Соколов ашты. Ректордың кеңесшісі, проф. Ж.Г. Мустафинаның сөйлеген сөздерін қатысушылар үлкен қызығушылықпен тыңдады. Кафедраның сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің төрайымы А.Г.Бисерова ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңының негізгі ережелеріне тоқталып өтті. Тәрбиелік және әлеуметтік жұмыс бойынша бастығының көмекшісі Н.Е.Ильясовта өз ойын ортаға салды. Аға тәлімгер А.С.Алипбекова тәлімгерлік топтарда осы тақырып бойынша өткізілген жұмыстар жайлы айтып өтті.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «ТОP-100» студенттік ұйымының төрайымы Я.Садыкова «Таза білім беру – парасыз оқыту», сондай-ақ жалпы медицина факультетінің 3 курс студенті А.Абыдынова, стоматология факультетінің 1 курс студенті Ж.Төлегенова және т.б. студенттер өз ойларын ортаға салды. Әсіресе, студент Айгерім Абыдынованың сөздері қатысушыларға үлкен ой тастарлықтай болды. Айгерім студенттерді болашақта жоғары білімді маман иесі болу үшін ешқандай парасыз өздері білім алуға шақырды.

«Сыбайлас жемқорлық жағдайлары» жайлы тақырыпқа сай плакаттар ілініп, бейнеролик көрсетілді.

Пікірталас кафедра меңгерушісі А.Д.Соколовтың қорытынды сөзімен аяқталды.