Республикалық патриот жастардың форумы өтті.




28.02.2014

Республикалық патриот жастардың форумы өтті.

 

2014 жылғы 25 ақпан күні  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде

«Қазақстан-2050» Стратегиясында қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған «Мәңгілік Ел» идеясы – жастардың жарқын болашағы» атты Республикалық патриот жастардың форумы өтті.

Студент жастардың саяси сана-сезімі мен белсенді қоғамдық  ұстанымын қалыптастыру және  көшбасшылық қабілетті жүзегу асыру мақсатында форумға С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың факультеттің студенттік үкіметі төрағалары қатыстырылды:

  1. Бөріхан Ерболат – стоматология факультетінің 3 курс студенті;
  2. Мамбетназаров Абдул-Разий – жалпы медицина факультетінің 4 курс студенті;
  3. Сәкенқызы Айдана – фармацевтика факультетінің 3 курс студенті;
  4. Тасболатов Азамат – қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 4 курс студенті.

 

Форумды ұйымдастырушы ҚазМемҚызПУ мен Алматы қ.  «Жас Отан» жастар қанаты.

Республикалық патриот жастар форумының басты мақсаты – жастарға көшбасшылық қабілетті, белсенді қоғамдық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілік пен патриоттық рухты қалыптастыру.

Республикалық патриоттық форум дөңгелек үстел жұмысымен жалғасып, белсенді жастар Алматы қ. филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.И. Матыжановпен кездесті. Форумға қатысушылар түрлі тақырыпта сұқбат жүргізіп, жастар саясаты, ғылым және білім бойынша маңызды сұрақтарға жауап алды.