Республикалық «Стоматология және жақ-бет хирургиясы» оқу-ғылыми-клиникалық орталығы




31.01.2012

Барлық заңды және жеке тұлғалық мекемелер қызметкерлеріне біздің орталықта мынандай көрсетілетін стоматологиялық көмектің түрлерін хабарлаймыз:

  • Ауыз қуысы, бет және мойын аурулары мәселелерінің орталығы;
  • Нейростоматология және шықшыт буын аурулары мәселелерінің орталығы;
  • Ауыз қуысы шырышты қабығы мен пародонт аурулары мәселелерінің орталығы;
  • Жақ-бет сүйегіне күрделі протез жасау орталығы;
  • Профессорлардың ақыл-кеңесі.

Науқастарға көрсетілетін стоматологиялық көмектің түрлері: 

  • тісті емдеу;
  • тісті жаңартып қалпына келтіру;
  • тісті кәсіби түрде ағартып тазарту;
  • тіс шөгінділерін кетіру және ультрадыбыспен ағарту;
  • ауыз қуысы шырышты қабығының ауруларын емдеу;
  • пародонт ауруларын емдеу;
  • ауыз қуысы ауруларын лазермен емдеу;
  • тісті жұлу;
  • одонтогенді ауруларды емдеу;
  • жақ сүйектердің сынығын емдеу;
  • дентальды имплантация;
  • жақ-бет сүйек аймағының іріңдеп қабынған ауруларын емдеу;
  • шықшыт буынының ауруларын емдеу;
  • тіске әртүрлі протездер жасау;
  • тіссіз жақ сүйекке жұмсақ төсемді алмалы-салмалы протез дайындау;
  • эстетикалық протез салу (металл-керамикалы, металл-пластикалы, металсыз керамика, әрлеме жасау);
  • жақ-бет сүйек аймағына күрделі протез жасау;
  • тіс-жақ сүйек жүйесінің аномалиясын жөндеу және емдеу (аппарат және қазіргі таңдағы брекет жүйелерін қолдану);
  • рентгенологиялық зерттеулер (дентальды және панорамды);

Мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, 050012 Алматы қаласы, Төле би көшесі 92. Тел.: +7 (727) 2923979; 2925025. [email protected].