С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің мәдени іс-шараларды қолдау аясында,тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен, қалыптасқан дәстүрлі мерекелік шараның бірі «Екі жұлдыз» вокалдық ретро-ән байқауының 1-туры өткізілді




06.04.2012

Осы ән-байқауға кафедрамыздың информатика пәнінің оқытушысы Баракова Әлия Шаризатқызы және 1-курс студенті Амангелді  Жанат қатысты. 1-турдың шарты бойынша  60-80 жылдардағы ретро әндер орындалу  керек болғандықтан  Е.Хасангалиевтің «Алматының алмасы» әнін орындап, байқауға қатысушылардың арасынан 2-ші орынға ие болды.

4-сәуір күні осы байқаудың 2- туры болып өтті. Бұл турдың тақырыбы «Диско-80» болғандықтан қос әншіміз «На теплоходе музыка играет» әнін орындап шықты. Бұл кезеңде де қатысушыларымыз 2-орынды иемденіп, 3- турға жолдама алды. Келесі кезеңде біздің әріптестіміз бен студентімізді  жоғары орыннан көреміз деген ойдамыз.  Құрметті көрермендерімізге, жанкүйерлерімізге «Екі жұлдыз» ән байқауына асығыңыздар деп- айтқымыз келеді. Үшінші турда амандықпен кездесейік!