Коммуникативтік дағдылар орталығы.
Тұлғалық өсу клубы «Радуга» және оның белсенді қатысушылары психотерапияның «Арт-терапия» деген әдісін зерттеді (08.05.2012–21.06.2012).
Арт-терапия – психотерапияның ең жұмбақ бағыттарының бірі. Бала сурет сала отырып өзінің сезімдеріне және уайымдарына, қалаулары мен армандарының сыртқа шығуына мүмкіндік бере отырып, әр-түрлі жағдаяттарға қарым-қатынасын өзгерте білуге, кейбір қорқынышты,жағымсыз, жарақат жасайтын бейнелермен ауыртпашылықсыз кездесуге көмектеседі.
Бейнелеу қиялдың, ойлаудың дамуына мүмкіндік береді.
Жұмыс барысында қатысушылар изо-терапиямен, пластилин және гипспен (маскотерапия) жұмыс жасау оригамимен, аппликациямен, мандалотерапиямен, психологиялық проективті әдістемелермен танысты. Жауапты жүргізушілер: Зайнов Медет, Буйтекова Жулдыз, Галимова Сарра, Арстанбеков Дияз, Клепиков Дмитрий, Садыков Мейр, Момынов Бахытжан, Мухтарханова Диляра, Байрамов Бинали, Рахимов Архат, Фоменко Татьяна.