Түлек моделі

Негізгі бет » Түлек моделі

 

Түлек моделі Бағдарлама паспорты Міндетті пәндер Элективті пәндер

 
ON1. Өз бетінше жоспар құрып және ортопедиялық стоматологиялық бейіндегі ауруларды анықтау мақсатында пациентке тексеру жүргізіп, клиникалық диагнозды тұжырымдау
ON2. Ықтимал тауекелдерді бағалау мақсатында және пациент үшін ең жақсы нәтижелерге жету үшін пациентпен, оны қоршаған ортасымен, медициналық қызметкерлермен, стоматологиялық және кәсібиаралық команда мамандарымен тиімді өзара қарым-қатынас құру;
ON3. Ауыз қуысын протездеуге алдын-ала дайындауды және емдеу әдісі мен протездің құрылымын таңдауды өз бетінше жүргізу;
ON4. Көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштерді ескере отырып, ортопедиялық емдеу кезеңдерінде жергілікті жансыздандыруды өз бетінше жүргізу;
ON5. Ортопедиялық емді түрлі құрылымдармен жоспарлап, өз бетінше жүргізу (микро-протездер, сауыттар, көпірлі протездер, жартылай және толық алмалы протездер, шеңдеуіш құрылымдар, жақ-бет протездері, импланттарға тіректелген) және дәлелді тәжірибе негізінде оның тиімділігін бағалау;
ON6. Уақытша (провизорлы, иммедиат) протездерді өз бетінше жоспарлау және дайындау (алынбайтын, алмалы, шеңдер, каппа) және протездерді жөндеу;
ON7. Тіс-протездік құрылымға толық бейімделгенше пациентке протезге динамикалыық бақылау жүргізу;
ON8. Протезді күтуге пациенттерге тұрақты мотивация қалыптастыру, стоматологиялық денсаулықты сақтау және ауыз қуысы органдары мен тіндеріне әсер ететін зиянды әдеттерден бас тарту;
ON9. Ауыз қуысы және жақ-бет аймағындағы төтенше жағдайларда шұғыл көмекті өз бетінше көрсету және стоматологиялық қабылдауда төтенше жағдай болып, өмірге қауіп төнгенде базалық дәрігерлік көмекті көрсету;
ON10. Стоматологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу сатыларында, медициналық құжаттарды жүргізгенде, медициналық ақпараттық жүйелер мен деректер базасында іздену және жаңа ақпаратты сынай отырып бағалауда ақпараттық-коммуникациялық және сандық технологияларды қолдану;
ON11. Дәрігер-стоматолог-ортопедтің тәжірибелік қызметінде Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесі құқықтық және ұйымдастыру аймағы өрісінде менеджмент, маркетинг, медициналық аудит, медициналық сақтандырудың негізгі принциптерін іске асыру;
ON12. Өздігінен оқу және кәсіби команда мүшелерін оқыту, пікірталастарға, конференциялар мен басқа да нысандардағы үздіксіз кәсіби дамытуға белсенді қатысу.