Тәрбиелі ұрпақ – ұлт тірегі




15.12.2011

Желтоқсанның 13 жұлдызында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Қазақстан тарихы, саясаттану, әлеуметтану, философия доценті  Абдрахман Абдрасиловтың жетекшелігімен  жалпы медицина факультетінің 1 курс студенттері қатысып, ҚР тәуелсіздігіне орай «Тәуелсіздік- бабалар аманаты»атты оқу конференция ұйымдастырды. Оқу конференция жұмысына Қазақстан тарихы,философия, әлеуметтану, саясатану кафедрасының оқытушылары, департамент төрағалары,университет әкімшілігі қатысып отырды.

Жалпы медицина факультетінің 1 курс студенттері М.Махатбек, Ә.Зия, А.Сарсенбеков, С.Мадиярбек, Д.Садыков, Н.Шырынбеков, А.Садык «Қазақстан тәуелсіздік жылдарында», «Қазақстан Желтоқсан оқиғасы қарсаңында», «Тәуелсіздік тұтқасы- елбасымыздың қолында» баяндамалары оқылды. Д.Ақанова, М.Жумасилова, Д.Сұлтан  Отан, туған ел, туған жер- Қазақстанға  арнап әсем әндерді жүрекпен шырқады.  Өзінің шығарған жырларын жалпы медицина факультетінің 1 курс студенттері Ә.Ғабитқызы,С.Зайырбек тәуелсіздіктің 20 жылдығына тарту етті. Жалпы медицина факультетінің 1 курс студенті  А.Токбулатова «Қазақ биін» билеп шеберлік танытса,  А.Аронова  қазақтың күйін күмбірлетті.Береке – бірлікті, ынтымақ- татулықты, жарасымды бейбіт өмірді насихаттаған көріністер де аз болмады. Бұл игі оқу конференция студенттерге патриоттық рух беріп, туған елді, жерді сүю, жерің үшін аянбай еңбек ету керек екендігін түсіндіріп, тәрбиелеу мақсатында өткізілді.Аға буын өкілдері студенттердің мұндай бастамаларын қоштап, сәт- сапар тіледі. Конференция соңында студенттер мен қонақтар естелік суреттеріне түсті.