ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ




04.09.2013

«2012-2013 оқу жылының қорытындысы. Дамудың басым бағыттары және міндеттер» ғылыми-тәжірибелік конференциясы

 

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 2013 жылдың 27-29 тамыз аралығында «2012-2013 оқу жылының қорытындысы. Дамудың басым бағыттары және міндеттері» атты дәстүрлі конференция өткізілді.

Тамыз конференциясында Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы, 2011-2020 жж. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, ҚР  денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы,  Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беруді дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде университеттің өткен оқу жылының көрсеткіштері сараланып, оқытушы-профессорлар құрамының алдында тұрған міндеттері мен даму алғышарттары анықталды.

Конференцияның бірінші күні:

  • «Кафедра жұмысының ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілері» кафедра меңгерушілеріне және модуль басшыларына арналған;
  • «2013-2014 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстар және оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелері» завучтар мен кафедрадағы әдістемелік жұмыстарға жауапты тұлғаларға арналған;
  • «Деканат жұмысының ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері» деканат қызметкерлеріне арналған;
  • «2013-2014 оқу жылында тьюторлар жұмысын ұйымдастыру, мониторинг және бағалау» тьюторларға арналған;
  • «Жас педагог мектебі» стажер-оқытушыларға арналған тақырыптық семинарлар өткізілді.

Конференцияның екінші күні оқу департаменттері кафедра оқытушыларымен «Департамент оқытушы-профессорларының 2013-2014 оқу жылындағы міндеттері» тақырыбында семинар өткізді. Департаменттің оқытушы-профессорлары ҚазҰМУ оқытушысының Ар кодексін  талқылады және оған қол қойды.

Пленарлық мәжілісте (үшінші күні) сөз сөйлеген ректор мен проректорлар 2012-2013 оқу жылының негізгі нәтижелеріне қорытынды жасап, университеттің жаңа оқу жылындағы дамуының басым бағыттарын айқындады. Пленарлық мәжілістен кейін университет ұстаздарына арналған «Ұстаздарымызға» кешені салтанатты түрде ашылды.

Британдық медицина журналы университеттің оқытушы-профессорлар құрамын өзінің тегін онлайн сайтымен жұмыс жүргізу ережелерімен таныстырды.

 Конференция жұмысының нәтижесі бойынша қарар қабылданды. Конференцияға қатысушылар университет қызметіне сараптама жасап және оның алдағы дамуының басым бағыттарын айқындау мақсатында өткізілетін осындай іс-шаралардың қажеттілігін және тиімділігін бір ауыздан қолдады.

Конференцияға университеттің барлық оқытушылары қатысты. Барлық қатысушыларға сертификат табыс етілді.

Оқу-әдістемелік жұмыстар департаменті