Театрға бару




15.05.2012

10 мамыры күні М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында “Күлемізбе, жылаймызба?” атты қойылымға Медико-профилактикалық факультетінің 11-001-1,2к топ студенттері жетекші кураторымен бірге бардық.Қойылымның мақсаты қазақ жастарын ұлттық тәрбиеге шақырады.Мысалы, тілдің, мәдениеттің,салт-дәстүрдің керектігін студенттердің санасына қалыптастыру.Осы ұлттық сана сезімдерді қалыптастыра отырып,ұлт жанды ұрпақ тәрбиелеуге баулу.

Биылғы оқу жылында жалпы гигиена және экология кафедрасының жетекшілігімен тәрбие жұмыстары жүргізілді.Кафедрада жүргізілген жұмыстармен қатар көптеген қойылымдарда болдық. Мысалы, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры және Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен Жасөспірімдер театрындағы қойылымдарда көріп, қазақ ұлтының тәлім-тәрбиесінің нәрімен сусындалып,заман талабына сай тәрбиеленуге мол мүмкіндік алдық.

Осы жұмыстарды басқарып отырған университеіміздің ректоры А.Ақановқа және студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін қалыптастыру басқармасына және жетекші кураторымыз Г.А.Бегимбетова  алғысымыз шексіз.