Туберкулез тақырыбында оқылған дәрістер жайлы мәлімет




21.02.2013

20.02.2013 ж. сағ 16.00 – 17.00-де Тәрбие жұмысының салауатты өмір сүру қалыптастыру бойынша,Әлеуметтік-тәрбие істер жөніндегі басқармасының қатысуымен, ҚазҰАУ-нің конференц-залында «Фтизиопульмонология» кафедрасының доценті Қасенова Л.Ш., интернатура студенттері: Домбаева Г., Дуржанова Ғ., Жангирова А., Жеткербаева Т., Махкамова Э. қатысуымен «Біз туберкулез жайлы не білеміз?», «Туберкулезден сақтану», «Туберкулез қоздырғыштары», «Туберкулездің ерте анықталуы» жайлы тақырыптарда дәріс оқылды.Дәріс барысында студенттер  «Сен туберкулез жайлы не білесің?» фильмін тамашалады. Дәріске 30-ға жуық  1 курс студенттері қатысты. Дәріс қазақ бөліміне оқылды. Тақырып бойынша студенттер көптеген сұрақтар қойып, ойларымен бөлісті. Дәріс соңында сұрақ қойған студенттерге естелік ретінде қалам мен күнтізбелер табысталды.