19.02.2013 ж. сағ 11.40 – 12.30-да Тәрбие жұмысының салауатты өмір сүру қалыптастыру бойынша,Әлеуметтік-тәрбие істер жөніндегі басқармасының қатысуымен, АТУ-нің дәрісханасында «Фтизиопульмонология» кафедрасының доценті Қасенова Л.Ш., интернатура студенттері: Домбаева Г., Дуржанова Ғ., Жангирова А., Жеткербаева Т., Махкамова Э. қатысуымен «Біз туберкулез жайлы не білеміз?», «Туберкулезден сақтану», «Туберкулез қоздырғыштары», «Туберкулездің ерте анықталуы» жайлы тақырыптарда лекция оқылды. Лекцияға 100-ге жуық 1 курс студенттері қатысты. Лекция қазақ бөліміне оқылды. Тақырып бойынша студенттер көптеген сұрақтар қойып, ойларымен бөлісті. Лекция соңында сұрақ қойған студенттерге естелік ретінде қалам мен күнтізбелер табысталды.
Туберкулез тақырыбында оқылған лекциялар жайлы мәлімет
19.02.2013