Жазғы мектеп




07.06.2012

Коммуникативтік дағдылар орталығы – бұл қазіргі заманғы кең спектірлі психология, психотерапия бағдарламаларын, сонымен қатар медициналық және тағы басқа да білім беру түрлерінде коммуникативтік дағдылардың дамуын оқыту және бағалау әдістемесін үйрететін  оқыту орталығы.

Орталық  ұстаздардың,  (жоғарғы, мектептік және мектепке дейінгі) психологтардың, психотерапевтердің, әлеуметтік қызметшілердің, дәрігерлер және  орта медициналық қызметкерлерге, кәсіби өсуге ынталанатын қызметкерлерге біліктілігін арттыру бағдарламаларын ұсынады.

КДО сондай-ақ өзіңіздің жеке оқыту бағдарламаңызды интерактивті әдіспен оқыту үшін ғылыми-методологиялық қызметтер жиынтығын ұсынады.

 

Біздің оқытушылар келесі жетекші мамандардан білім алған:

  • Джулиет Драпер, PhD, Кембридж Университеті, Ұлыбритания.
  • Кетрин Майлс, Клиникалық және коммуникативті дағдылар директоры, Университет ВП, Хашемит Университетінің медицина факультеті (Иордания, Амман).
  • Бойко Ганчевски Георгиев, профессор, психология ғылымдарының докторы, Болгария ІІМ академиясы, Жаңа Болгариялық Университеті.
  • Томер Т. Левин, психиатрия және тәртіп ғылымдары департаментінің профессоры, клиникалық және коммуникативті дағдылар директоры (Нью-Йорк, АҚШ).
  • Сирота Н.А. – м.ғ.д., проф. Мәскеу мемлекеттік медико-стоматологиялық университеті, медициналық психология факультетінің деканы (Мәскеу, Ресей).
  • Листопад Т.Н. – психология ғылымдарының докторы, клиникалық  психология кафедрасының меңгерушісі, Әлеуметтік-гуманитарлық университет (Талин, Эстония).
  • Асимов М.А. медицина ғылымдарының докторы, профессор, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ КДО басшысы, коммуникативтік дағдылар орталығының басшысы, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасының меңгерушісі.

2012 жылдың 2 шілдесінен бастап Орталықта коммуникативтік дағдыларды қалыптастыратын жаттықтырушыларды (ЖОО, колледж, лицей, мектеп және балабақша оқытушыларын) даярлайтын және қайта даярлайтын Жазғы мектеп басталады.

Психологтарға, психотерапевтерге және дәрігерлерге «Отбасылық психология және психотерапия», «Психосоматикалық аурулардың психодиагностикасы және психотерапиясы», «Медициналық мекемелердегі шиленістер», «Сексуалды бұзылулардың психодиагностикасы және психотерапиясы» тақырыптарында  семинарлар өтеді, және де коммуникативті дағдыларды қалыптастыратын жаттықтырушыларға арналған тренингтер өткізу жоспарлануда.

КДО оқуды табысты аяқтағаннан кейін, біліктілігін жоғарылатқаны туралы және кәсіби даярлықтан өткені туралы сағат саны көрсетілген  Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің сертификаты беріледі. 

 

[email protected]

Заявка:

Фамилия

Имя

Отчество

Место работы

Специальность

Домашний адрес

Контактный телефон

Е-mail