Жырланып жатқан жылдарым (Невада Семей полигонының жабылғанына 20 жыл)




16.12.2011

Маңына ұрық шашпаған жақсылық

жапанда жалғыз өскен бәйтерекше

 тұл болады да қалады. 

М. Әуезов

 

Қазақстан тарихы 44 жыл қызмет еткен Семей полигонымен тығыз байланысты. 20 жыл ішінде керегемізді кең ұстаған біздің де қиындықтарымыз жоқ емес. Кеңес одағы кезінде XX ғасырдың ірі полигонының территориясында мыңдаған қазақстандықтардың денсаулығына зардап тигізген 456 ядролық қару сынағы өткізілген болатын. 1991 жылы мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың жарлығымен полигон жабылған екендігі мәлім, бірақ ССП «радиациялық» тарихы аяқталар емес. Бұрынғы Семей полигоны дамытуы әлемдік ғылыми жетістіктерге әкелетін бірегей зерттеулік сипаттағы мүмкіндіктерге ие.

Бір кездері тірі жан тұмсығын тыға алмайтын жабық қала болған Курчатов бүгінде шетелдіктер үшін аса танымал. Кезінде атағы дүрілдеген Совет Одағының қандай күш-қуатқа ие болғанын білуге талайлар құштар. Жергілікті тұрғындардың айтуларына қарағанда, оларға Жапониядан, Америкадан, Франциядан шетелдік делегациялар жиі келеді екен.

Невада Штатында полигонға қарасты жерді шаруашылық мұқтажына  беру туралы мәселе ешқашан көтерілмегендігін атап өту қажет.  Өйткені олар ең болмағанда, ластану деңгейін анықтау үшін және салдарды жою үшін нақты айқындайтын құрал жасауға уақыт керек екенін түсінеді. Сонда «Бүкіл ғаламшар бойынша ең алдында біз келе жатырмыз ба?» деген сұрақ туындайды. Осының барлығы халқымыздың  мүддесі үшін бе?!

Қазіргі кезде республика бойынша қатерлі ісік ауруларынан өлім-жітімнің ең жоғарғы деңгейі осы өңірде болып отыр. Атап айтқанда, 100 мың адамға 159 өлімнен келеді. Алайда, Қазақстанда орташа көрсеткіш 111 адам деп көрсетеді.

Егер Қ.Қадыржановтың оппоненттерінің пікіріне назар аударсақ, полигон аумағында шаруашылық қызметті шектеусіз жүргізу нәтижесінде Қазақстанның бүкіл халқына, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларының: бидайды, ұнды, жемді, көкөністерді, жеміс-жидектерді, етті, сүт өнімдерін, жүнді, теріні және тағы да басқа осы секілді тауарды тасымалдау арқылы (сату және экспорт) көршілес мемлекеттерге қауіп төнеді.

Иа, шынына келгенде 1995 жылы 31 мамырда Дегелең алаңында 108-К штольнінде соңғы ядролық құрылғыны жою бойынша жұмыстар өткізілген болатын.

Семей полигонындағы соңғы снарядты жоюмен Қазақстан тарихындағы әскери ядролық белгі аяқталды. Ядролық қарудан бас тарту арқылы Қазақстан тағы бір рет татулық, адам құндылықтары мен гумманизм ұстанымдарына деген бағытын дәлелдеді.

Сол Невада Семейдегі ядролық қарудың жойылғанына міне бүгінде 20 жыл толып отыр. Сол мақсатта Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде  «20 жыл-ядролық қарудан азат әлемге қарай» тақырыбындағы Республикалық конференциясы болып өтті. Аталмыш конференцияға көптеген профессорлар мен Семей ядролық қаруын жоюға қолдау көрсеткен зиялы қауым өкілдері де қатысты. Конференция барысында біздің ойымызда аз мөлшердегі ақпарат, мағыналы бола одан әрі көбейе түсті. Санамызда сан түрлі болып қалған Невада Семей полигоны бүгінде бір ойда тоғысты. Конференцияға біздің Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университетінен жалпы медицина факультетінің 40 студенті белсене ат салысты. Аталып отырған конференцияға университетіміздің атынан  сөз сөйлеуге де кезек берді. Жанарларында жалыны бар жастарға конференция төрінен сөз берген біздің де көңіліміз марқайып қалғаны анық. 1 курс студенттері  Қасенов Ғалымжан, Орынбасар Нұрбол, Жумадилова Меруерт, Жамағат Махаббат өз ықыластарымен, өлең жолдарын  арнады. Мені де бұл конференцияға айдап келген бір дауылдың барын білемін. Көкейімде жатқан мың түрлі сұрақтармен, қилы ойларымды бір орынға жинақтап сөз сөйледім. Қазақ басынан өткен қилы заман өз басыма түскен ауру деп білемін. Жаралы жатқан қазақ жерінің ауыртпалығын сөз етпеу, қазақ баласына жөн болмас. Жарты нанды бөле жеген қазақ жетімін жалғызсыратып, бір бірін қиындыққа тастаған емес. Дегенмен әлі де зардабы ұшаң теңіз Невада Семей полигонының өзге елдердің күлкісінде емес, өз еліміздің мәселесі ретінде қорғалғандығына да көңілім толды. Мен қуана айта алатын бір қуанышым бар. Ол Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің ұстаздары Жангелова Майра Бельгибаевна, Мустафина Жанар Ғабиденқызы ядролық қаруға қарсы тұра алғандарында айта кеткім келеді. Ядролық қарудан зардап шеккен жасөспірімдер мен ақжаулықты аналарымыздың ауыртпалығын көтеріп жүрген осындай ұстаздар, біздерге әрқашан үлгі бола алатын оқытушылар.  Көптеген аға буын өкілдерінен дерек жинаған біздің де конференциядан үлкен бір ойымен, талпыныспен, ғылыми жобамен шыққанымыз белгілі. Мен ойымды жинақтай келе

Артымда менің жоғалып кеткен заман бар,

Заманмен күйіп өлімге түскен адам бар.

Жырлайды жүрек, жылайды менің жанарым

Жырланып жатқан жылдарымның мынау атынан

 

Ғасырда кетті, Семейде кетті көп есем,

Зияны оның ұшан теңіз көп десем,

Жылады дала, құлады қала

Қиратып ойын дананың

Қазақтың дархан ойымен менде сөйлесем.

 

Сын сағат менің, сыңғырлап жатыр санамда,

Дүр сілкінді оғанда мынау ғаламда

Алдымда менің ашыла жатқан ғылым бар,

Сондықтан оған дірілдеп жатыр қаламда

 

Таза табиғатпен ядролық қару ғасырға

Жырланар әлі мәңгілік бұлда ғасырда

Тойланып жатқан қуаныш мынау уақытта

Басымды ием, қарсы тұрған зиялы қауым, адамға-

деп сөзімді аяқтағым келіп отыр. Бұл оқиғаны қазіргі заман, адам дәлелдеп отырса. Демек, болашақ тарих беттерінде ядролық қаруға қарсы шыққан ағаларымыздың да есімдері алтын әріптермен жазылып, шырқалатындығына сенімім мол. Болашаққа жол ашып, еліміздің еңсесін езбеген ағаларымыздың алдында біздер, Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің студенттері де бас иетін болады.

 

 

Серік Қасым Төреханұлы

жалпы медицина факультетінің

1 курс  031-1 топ студенті