«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»




14.11.2011

28 қараша күні « Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты  поэзиялық кеш өтті. Кешті ұйымдастырушы қалыпты анатомия кафедрасының аға оқытушы, аға куратор Ахмад Нургүлім Сагидулловна.  Кешті ұйымдастырудың мақсаты тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған  қазақ халқының ұлттық ақыны  Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық туған күнін еске алу, студенттердің мәдени – өнерге деген жалпы көзқарастарын кеңейту.

Кеште қатысушылар Мұқағали Мақатаевтың әнін де, шумақтаған  өлеңдерін де, тіпті Мұқағалидің өмірінен үзінді де қойды. Кештің жүргізушілері жалпы медицина факультетінің 3 курс студенттері Рахимкулов Нұрсұлтан мен Оңғарбаева Айзере болды. Бұл кешке қатысушылардың барлығы жоғары деңгейде дайындалған. Мұқағалидің өмірінен бейнебаян көрсетілді. Оқыған өлеңдері жүректі тербеп, сол оқиға көз алдында болғандай сезімде болады. Қойған көрністері шынайы болғаны соншалық көзіне жас келтіреді.  Кешке  жалпы медицина факультетінің І курс студенттері Керім Ә., Кәрімбердиева Б., Мақұлбек Ж., Пәрімбек С., Пірімхан Е., Төлебай Н., Төребекова М., Хасенов Ғ., ал ІІ курс студенттерінен Әділова А., Исабайқызы Н., Сәкенова Ғ., Серікбаева Ұ.,  ІІІ курс студенті Тампиев Н., стоматология факультетінен ІІ курс студенті Оралбайұлы М., мейірбике ісі факультетінен Ербосынова Г., фармацевтика факультетінен І курс студенттері Сериков Н., Тәжиева Л. қатысты. Бұл кеш өте сәтті және қызықты өтті. Көрермендер жақсы бір сезімде болып, көңілді отырды. Поэзиялық кештің соңында қатысушылардың барлығына  анатомия кафедрасының меңгерушісі Досаев Т.М. және кафедра доценті  Шәкенов Б.Ш. мадақтама  қағазын  беріп,  рахметтерін  айтты.

Мақала дайындаған:
ЖМ факультетінің
ІІІ курс студенті  Әкімбаева Айжан