«Мамандықты таңдау» фестивалі




20.03.2012

Наурыз айының 15, 16 және 19 жұлдызында Алматы қаласының Оқушылар Сарайында «Мамандықты таңдау» атты 1 Алматы қалалық Халықаралық фестивалі өтті. Фестивальдің ұйымдастырушылары  Алматы қаласының білім басқармасы және «EDTECH-KZ» Халықаралық білім орталығы. Фестивальге Алматы қаласының барлық аудандары бойынша және Алматы облысы Іле ауданы бойынша мектептерінің түлектері шақырылды. Бұл фестивальдің негізгі мақсаты мектеп түлектерін болашақ мамандықтарына дұрыс бағыттау. Фестивальге Алматы қаласының көптеген жоғарғы оқу орындары қатысты.

Медицина саласы бойынша С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ факультеттерінің  өкілдері өз мамандықтарын таныстырды. Ал, «Жалпы медицина» мамандығы туралы жалпы медицина факультетінің 3 курс студенті президенттік шәкіртақы иегері Құлмағанбетов Мұхит айтып өтіп, жалпы медицина мамандығына қызығушылық танытқан мектеп түлектерінің сауалдарына жауап берді. Фестиваль соңында әртүрлі тренингтер жүргізіліп, қызықты ойындар ойнатылды.

Жалпы медицина факультетінің деканаты