Мамыр айының үшінші жексенбісі – ЖИТС-тен ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАРДЫ ЕСКЕ АЛУ КҮНІ




10.06.2014

АИТВ-инфекциясын өміріне қатысы бар азаматтарды қолдап, өздерінің ынтымақтастығын білдіру мақсатында, Алматыда, медицина қызметкерлері мен студент жастар, қоғамдық қызметкерлер форум өткізуге жиналды. Іс-шара жастар саясаты басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Форум 2014 жылдың 19 мамырында сағат 10.00-да С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде (Алматы қ. Масанчи көшесі 38, «Конкордия» театры) өтті. Шараны ұйымдастырушылар: С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Алматы қаласы және Алматы облысы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталықтары, МНО PSI , «Доверие плюс» қоғамдық қоры, «АИТВ-инфекциясымен өмір сүрушілер» қоғамы кеңес мұшелері.

Форумға АҚШ–тен келген қонақтар: денсаулық сақтау мен зерттеу саясаты департаментінің басшасы – PhD Кеси Бредли, МР, PhD- Аскар Чукмеитов Верджиния штатының университет қауымдастығы медициналық мектебінің профессоры қатысты.

Көрермендерге «Құм сағаты» атты АИТВ тақырыбына шоу бағдарлама, АИТВ-инфекциясының таралуы жайында деректі фильм ұсынылды. Қатысушылар алдында бет пердесіз, өміріне АИТВ әсер еткендер шығып сөз алды. Олар: «Ақ халатты абзал жандарға өз күйзелісімізді, қорқынышымызды, құпиямызды ғана сеніп тапсырмаймыз, сонымен бірге – ең бастысы, денсаулығымыз бен өмірімізді де тапсырамыз. Ең бастысы – олар берген үміт оты бізді жарқын өмірге жетелейді»,- деп өз ықыластарын білдірді.

Форум басталмас бұрын, кіре берісте студенттер үшін «Қауіпсіздік маршруты» атты АИТВ-инфекциясының таралуы туралы викториналық сұрақтар сайысы өтті. Әрбір қатысушы еріктілерге ЖИТС-ке қарсы күресуге белгі болып келген қызыл лента тапсырылды. Шам ұстап жағу дәстүрі өтті. Шара өткізілу барысында мобильді зертханаға жұмыс істеп, онда 104 адам құпия түрде, ақысыз АИТВ-ға эксперсс-тест тапсырып, психоәлеуметтік кеңес алды. Жоғарғы оқу орынының студенттері 2000-нан астам ақпараттық-ағарту материалдары мен 4000 мүше қап таратты. Жиналғандар назарына Алматы қаласы мен облыстық ЖИТС орталықтарының мультидисциплинарлық командасы мүшелерінің қолымен тігілген квилта – өмірін эпидемия алып кеткендерді еске алу – құрақ шүберегі ұсынылды. 2000-нан астам адам қатысты.