«Мемлекеттік тіл – менің тілім» фестиваліне дайындық басталды!




09.10.2012

Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі Тәуелсіздік күніне  арнап «Мемлекеттік тіл – менің тілім» деп аталатын  дәстүрлі фестивалін өткізеді.  Университет жастары арасында мемлекеттік тіл мәртебесін насихаттап, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылатын бұл фестиваль екі кезеңнен тұрады:

I-кезең: «Таңдаулыларды тану кезеңі»

Университеттің барлық факультеттері арасында қараша айында төмендегідей ретпен өтеді:

1)      Стамотология факультеті– 19 қараша;

2)      Фармацевтикалық факультет– 20 қараша;

3)      Жалпы медицина факультеті – 21 қараша;

4)      Медициналық-профилақтикалық факультеті– 22 қараша;

5)      Денсаулық сақтаудағы менеджмент факультеті – 23 қараша.

 

II-кезең – Тәуелсіздікке орай, 7-желтоқсан күні, жеңімпаз атанған студенттерді марапаттау салтанаты және ең таңдаулы номерлерден ұйымдастырылған  Гала –концерт өтеді.

Фестивалдің бірінші кезеңі бойынша әрбір факультет өз бағдарламасын әзірлеп, белгіленген күні өткізуі тиіс. Шараны іске асыру жауапкершілігі факультет декандарына жүктеледі.

Университеттің имиджін насихаттайтын бұл фестивальға  басқа да ЖОО-нан қонақтар және БАҚ өкілдері шақырылады.

Фестиваль шарттары:

 

  1. «Туған тілім- тірлігімнің айғағы» (қазақ ақындарының туған  тіл туралы таңдаулы шығармаларын мәнерлеп жатқа айту, тіл туралы өздері шығарған өлеңдерін жатқа оқу)

 

  1.  «Тіл – татулық тірегі» (өзге ұлт өкілдерінің арасындағы өнер сайысы: қазақ әнін айту, қазақ биін билеу, қазақ күйін шерту, қазақтың қара өлеңін мәнерлеп жатқа айту т.б.)

 

  1.  Мемлекеттік тіл және медицина (Дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынасқа құрылған сахналық қойылым)

 

  1.  «Медицина білімі мемлекеттік тіл аясында»  ( факультет аясындағы  мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған іс-шаралар жөнінде бейнеролик түсіріп, көрсету)

 

  1.  Желтоқсан жаңғырығы (Тәуелсіздік күнінің тарихын дәріптейтін әдеби-драмалық композиция)

 

Байланыс телефоны: 87714595478; 87017602663 МТД бөлімі/7ауд.корпус, 4 этаж, 7 к