МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ




26.05.2011

Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» РМК-ның өзіндік құрылымдық бөлімі болып табылады.  Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі студенттер арасында қазақ тілі мен өнерін насихаттайтын кештер, кездесулер, дөңгелек үстелдер, байқаулар және т.б. іс-шаралар жоспар бойынша ұйымдастырып отырады.

Студенттер арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» факультетаралық фестивалін, «Ана тілі аруы»байқауын, «Тілдарын» олимпиадасы мен «Ән – дәру» атты қазақ әндерінің байқауын жыл сайын өткізу дәстүрге айналған.

Белгілі ақын – жазушылармен, қоғам қайраткерлерімен кездесулер өткізіліп тұрады.

Медицина білімі аясындағы мемлекеттік тілді дамыту бағытында алдағы уақытта жүзеге асырылуға тиісті қыруар маңызды шаралар тізбегі толассыз жалғаса бермек. Өйткені, мемлекеттік тілді дамыту басқармасын атауы айтып тұрғандай ана тіліміздің абыройын асқақтатып, мерейін үстем етіп, қолданыс аясын кеңейтіп, шын мәніндегі заманауи тұғырлы тіл деңгейіне жеткізу үшін сан-салалы ұмтылысқа толы ұланғайыр істердің атқарылары сөзсіз.

Мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бастығы Әбдіжәділқызы Жидегүл