Өнері өрге жүзген – Олжас!




12.12.2011

«Өнерлі жігіт өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар» – демекші факультетіміздің алтын дауысы,университетіміздің бетке ұстар студенті Месов Олжас Советханұлы  жақын арада «VIVAT Қазақстан»-атты ән байқауына қатысып,бас жүлде жеңімпазы атанған болатын. Ән байқауы Алматы қаласында қазан айының.

1-нен 20-ы аралығында  өтті.Еліміздің түкпір-түкпірінен келген әнші,сазгерлер(Алматы қаласынан 60әнші қатысқан болатын) 3 номинация бойынша сайысқа түсті.Соның ішінде Олжас «Әскери-патриоттық ән» номинациясы бойынша «Журавли» атты әнді орындап, бас жүлдеге ие болды. Сайыс 2 турдан өтті:1-ші тур «Алматы офицерлері» үйінде 2-ші тур әнші Ерлан Көкеевтің «Ретро-Шлягер» клубында өтті. Сайыстың бас жүлдесіне -150 мың,2-ші орынға 100 мың, 3-ші орынға 50 мың теңге көлемінде ақшалай сый-сыйапат көрсетілді.

Барлық жеңімпаздар Жезқазған қаласына барып,өз өнерлерін көрсеткен болатын.

Енді факультетіміздің,университетіміздің «Алтын дауысы» атанған Олжас  қай жердің,қай елдің тумасы екендігі жайлы айтатын болсақ.

Месов Олжас Советханұлы  ШҚО Өскемен қаласында 1991 жылы,қарапайым отбасында дүниеге келген.Анасы-Месова Қуаныш бас мейірбике,әкесі-Месов Советхан зейнеткер.Олжас отбасындағы 3 баланың кенжесі.  Әнге деген құмарлығы 11-шы сынып оқып жүргенінде оянған Олжас, одан бері түрлі ән байқауларына қатысып, жүлделі орын иегері атанып,өнерін шыңдаған болатын. Мысалы: «ШҚО сыңғыр үндері» ән байқауының гран-при иегері , « Қазақстан республикасының Дельфи ойындары» атты ән байқауының 2-ші орын иегері атанған болатын. 2009 жылы  С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің стоматология факультетіне түскен.Қазірдің өзінде осы университеттің 3 курс студенті Олжас өз өнерін барша жұртқа паш етіп, биік шыңдардан көрініп жүр.Соған дәлел университетіміздің дәстүрлі ән байқауына айналған «Екі жұлдыз» ән сайысында Олжас бас жүлдені жеңіп алды.

Олжастың шығармашылығына,оқуына зор табыстар тілей отыра,алдағы уақытта факультетіміздің,университетіміздің атын биіктен көрсетіп,талай шыңдарға жеткізер деген сенімдеміз.