Өнерлі өрен – Сағинова Динара




15.02.2013

Ақпан айының 13 күні С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУдың №2 оқу корпусының фойесінде Стоматология факультетінің 1 курс студенті Сағинова Динараның сурет көрмесі өтті. Көрмені Ректор кеңесшісі, профессор Ғабиденова.Ж.М салтанатты түрде ашты. Көрмеге қатысқан Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту департаментінің директоры Шыңғысбаев.Л.С., Стоматология институтының деканы Амантаев.Б.А және декан орынбасары Сайфутдинқызы.А. қуаныштарын жасыра алмады.

Жастайынан өнерге құмар Динараның еңбектерін студенттер зор ықыласпен қарап, келген қонақтар жоғары деген бағасын берді. Сағинова Динараның әр картиналарында өзіндік стиль, өзіндік бояу, өзіндік түсінік бар. Суретшінің жан дүниесі бұл суреттерде анық белгіленген.Әсіресе қазақтың иісі аңқыған жазық кең даласы, бой бермес жүйрік тұлпары, ұлттық бұйымдары, әйгілі тұлғалардың бейнелері, бәрі бәрі Жас суретшінің еңбектерінен көре алдық.Университетімізде осындай өнерлі студенттердің болуы бізді қуантады.

Көрмеде  стоматология факультеті студенттерінің ұйымдастыуымен әсем әндер айтылып,би биленді. Қатысушылар дән риза болып, соңы студенттердің Сағинова Динараны жалпылай құттықтауларымен бітті. Біз Динараға өнерде пен медициналық жолда тек сәттілік тілейміз!                                                                                                      Бұл көрме ҚазҰМУ студенттерінің мәдениетке, өнерге деген сезімдерінің жоғары танымда екенін көрсете білді. Болашақ дәрігерлердің жан жақты болуы, әр бағытта өзін көрсете білу керектігінің айғағы ретінде  осы өткен сурет көрмесін алуға болады.